Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар

(0 Votes)

Мектепке дейінгі ұйымдар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бар, онда меншік нысанына қарамастан барлық талаптар көрсетілген. 

Санитариялық қағидаларда берілген талаптарға қысқаша тоқталып өтетін болсақ, жалпы мектепке дейінгі ұйымдар жұмысқа кірісуден алдын талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық  қорытынды алуы тиіс. Нысанның ғимараттары сумен, жарықпен, жылыту және ауа баптау жүйелерімен толық жабдықталуы тиіс. Нысанның аумағы таза ұсталып, қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады. Нысанда дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.  Жобалау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамына киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана кіреді. Объектілер ғимараттарының бірінші қабатында медициналық үй-жайлар және изолятор көзделуі тиіс. Ғимараттардың жертөле және цоколдық қабаттарында балалар болатын үй-жайларды және медициналық мақсаттағы үй-жайларды орналастырмайды. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Объектілерде ойын, оқу кабинеттері үстелдермен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталуы тиіс.     Ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтар балалардың бойы мен жасына сәйкес келеді, үшкір шығыңқы жерлері мен ақауы болмайды, уақтылы жөнделеді. Жабдықтың бетінің жабыны суға төзімді материалдан көзделеді.      Жабдықтың жиыны, саны және өлшемін объектілердің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет көрсететін персоналдарға жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін жағдайлар жасалады.   Қол жуу үшін ыстық және салқын су келтірілген, қолды жууға және кептіруге арналған құралдары бар жуынатын раковиналар орнатылады. Нысандарда басшы бекітетін перспективалық мәзір құрастырылады. Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады. Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті алкогольсіз сусындар, фастфудтарды өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе және қаймақ, йодталмаған тұз және темірі бар витаминдер, минералмен байытылмаған (фортификацияланбаған) бидай ұнын пайдалануға рұқсат етілмейді. Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты адам дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бракеражды комиссиясымен тамақтану сапасын бағалау кезеңмен жүзеге асырылады, оның құрамы міндетті түрде медициналық қызметкерді, әкімшілікті, өндіріс басшысын және ұйымның өкілін және ата-аналар комитетінің өкілін қоса отырып, нысан басшысының бұйрығымен бекітіледі. Күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің күнделікті үлгілерін ас блогында қалдырады. Медицина қызметкерлері емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын жүргізеді, балалардың аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын жасайды, сондай-ақ қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өтуінің есебін жүргізеді. Барлық қызметкерлердің жеке медициналық кітапшалары және жұмысқа рұқсат берілген туралы белгісі болуы қажет. Сондай-ақ, санитариялық ережелерде көрсетілгендей, гигиеналық нормаларға сәйкестігін анықтау үшін азық-түлік, су, топырақ, дезинфекциялау ерітінділері, сүртінді, микроклимат, жарықтандыру, электромагниттік өрістерге зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда  өзін-өзі бақылау үшін  нормалау құжаттарының яғни ҚР ҰЭМ  2016 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылып жүргізілуі тиіс. Ал санитариялық қағидалардың талаптарын орындау осы салаға байланысты барлық жеке және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін міндетті екендігін ұмытпайық!!!

Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT