Менингиттің негізгі белгілері

сурет: ғаламтордан

Менингит – ми мен жұлынды зақымдайтын, өте майда микробтар – менингококктармен туындайтын қауіпті жұқпалы ауру.

  Негізгі белгілері:

  Ауру жұқтырғаннан кейін 2-10 тәулік аралығында инкубациялық кезең басталады. Менингиттің тұрақты және негізгі белгілері: бастың ауыруы, лоқсып құсу, ауыздың құрғауы, дене қызуының көтерілуі, өңнің бозаруы, дауыстың қарлығуы, науқастың денесінде қызғылт түсті бөртпе белгінің пайда болуы. Егер бөртпе бір күн ішінде қайта жойылса, микробтар қанға түсті деген сөз. Мойынның қозғалуы қиындайды, науқас шатасып сөйлей бастайды, есінен танады. Ішкен тамағын құсады, тахикардия басталады.

   Арнайы емес алдын алу шаралары:

  • Адам тығыз жиналатын орындарға көп бармау;
  • Жөтелу этикетін сақтау (жөтелу кезінде ауызды беторамалмен жабу);
  • Қолды жиі сабынмен мұқият жуу
  • Созылмалы фарингит, тонзиллит, ларингит сияқты аурулардан емделу
  • Науқасқа таза ауада көп серуендеу
  • Қоғамдық көлікке сирек отыру
  • Адам көп жиналатын орындарда (дүкен, шаштараз, базарда және т.б.) ұзақ уақыт болмау;
  • Витаминдер мен минералдарға бай азық түлікті пайдалану.

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT