Менингококк инфекциясы қауіпті ауру

(0 Votes)

Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitidis бактериясы тудыратын қауіпті ауру. Бұл туралы ақпаратты біліп, бірнеше қарапайым сақтық шараларын қабылдау сіз бен отбасыңызды осы дерттен қорғауға көмектеседі.

Атырау  облысында 2024 жылы күні бүгінге дейін Менингококк инфекциясы бойынша  1 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай тіркелді (Атырау қаласы-1жағдай, Махамбет ауданы-1 жағдай).

Бұл ауру әртүрлі түрде көрінуі мүмкін, бірақ ең жиі кездесетін белгілері мыналар:

  • Жоғары температура және қызу көтерілуі
  • Қатты және тұрақты бас ауруы
  • Әлсіздік пен тез шаршау
  • Бас айналу және естен тану
  • Терідегі бөртпе (петехиялар)

Менингококк инфекциясы ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, мысалы:

  • Менингит
  • Сепсис
  • Есту қабілетінің жоғалуы
  • Жүйке жүйесінің бұзылуы
  • Пневмония

Егер уақытында ем қабылданбаса, бұл ауру өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда, әсіресе тәуекел тобына жататын адамдар дереу дәрігерге қаралуы керек.

Алдын алу шаралары:

  1. Қолды жуу – бұл ережені өзіңіз сақтап, балаларға да үйретіңіз. Қолды тамақтанар алдында, дәретханадан кейін, қоғамдық орындардан соң және жануарлармен ойнағаннан кейін мұқият жуыңыз.
  2. Жеке гигиенаны сақтау – бөгде адамдардың стақанын немесе ыдыс-аяғын пайдаланбаңыз. Әркімнің жеке гигиеналық заттары болуы керек: қасық, шанышқы, ерінге арналған гигиеналық бальзам, тіс щеткасы.
  3. Иммунитетті нығайту – дұрыс тамақтанып, көкөніс, жеміс және дәнді дақылдарды көбірек тұтыныңыз. Жаттығу жасап, жеткілікті демалып, ұйқыны қандырып жүріңіз.
  4. Жұқпалы аурулар маусымында – мәдени және спорттық шараларға баруды шектеңіз.
  5. Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу – бұл айналаңыздағы адамдарға қамқорлық көрсету болып табылады.

Есте сақтаңыз! Менингококк инфекциясында өзін-өзі емдеу қауіпті!

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT