Менингококк - жұқпалы ауру

(0 Votes)

Менигококк жұқпасы –ми қабығының қабынуымен (менингит) , өзінің асқынуларымен қауіпті жұқпалы ауру. 
Ауданда  2024 жылдың 12 ай қорытындысымен менингококк инфекциясының 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 3,7 құрайды. Оның ішінде  14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай тіркелді.

Менингококк инфекциясы - бактерия тудыратын, ауа – тамшы жолымен берілетін жіті инфекциялық ауру. Науқас адамдар айналасындағылар үшін инфекция көзі болып қауіп төндіреді. Науқастың ауруы ауыр түрде өтеді, науқас жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі. Менингококк инфекциясы кезінде инкубациялық кезең орташа есеппен 2-4 күн. Бактериясын тасымалдаушылар және назофарингитпен науқастанғандар аурушаңдықтың жұқтыру көзі болып табылады. 
 Ол-тұмаудан толық жазылмаған жағдайда, денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан және іш сүзегінен, кейде тазалық сақталмаған жерде, көп адам жүретін жерде пайда болады. Бұл жұқпа көбiне суықтан пайда болатын ауру ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу және түшкіру кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Ауру менингиттің жұқпалы түрімен ауыратын адамнан тез таралады.
Келесі белгілер болған кезде шұғыл түрде дәрігермен кеңесу керек 
Менингоккты менингит жұқпалы ауруы кенеттен басталады: қатты бас ауруы, құсу, денелерінде жұлдызша секілді бөртпелер, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, дененің қалтырауы пайда болады. Тері қабаты бозарып, жалпы әлсіздік, денесінде және аяқ-қолдарында ауырсыну байқалады. Ауру симптомсыз бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингиті түрінде, әлсіз көрінетін интоксикация және ринофарингит белгілерімен өтуі мүмкін, клиникалық белгілері бойынша ЖРВИ-ға ұқсайды. Менингит диагнозы мұрын-жұтқыншақтың сілекейлі қабығынан бактериологиялық зерттеуде оң нәтиже шыққанда қойылады. Менингит өкінішке орай асқынған генерализацияланған түрінде менингит және менигококцемия (менингококкты сепсис) түрінде өтуі мүмкін. 
Менингиттің алдын алу: 
- қажеттілік болмаса, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда-ойын сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени іс-шараларға баруды шектеу, бетперде кию қажет;
 - суық тию ауруларының белгілері (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру көздің жасаурауы және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты болдырмау керек; 
- салқын тигізбеу және мезгілге сәйкес киіну қажет; 
- жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуу өте маңызды.
 Балаларға жиі қол жууды, әсіресе тамақ ішер алдында, қоғамдық орындарда болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін қол жууды үйрету керек; 
- әр адам өз денсаулығын күтіп, қалыпты демалып, тұрақты спортпен шұғылданып және дұрыс тамақтанып, иммундық жүйені нығайту керек; 


-Бөлмені жиі желдету, күнделікті дымқыл тазалауд ыжүргізу қажет
– науқас адамдармен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау бойынша дәрігердің нұсқауын орындауы керек. Дәрігерге дер кезінде қаралып уақытылы ем қабылдаған дұрыс.


Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT