Менингококк жұқпасын алдын алу

фото: интернеттен


Менингит дертінің түрі көп. Қазіргі таңда адамдар арасында таралып жатқан менингиттің түрі – ол менингококк инфекциясы. Бұл ауру жедел басталып, науқастың дене температурасы 38-40 С-қа дейін жоғарылайды, мұрынның бітелуі, тамақтың ауырсынуы мен жыбырлауы байқалады. Адамның басы қатты аурады. Құсу бірінші күннен басталады, уақыт өте науқас көп мөлшерде құса бастайды, дегенмен ол ағзаның жеңілдеуіне алып келмейді.


Менингит жіті респираторлы ауру (назофарингит) сияқты жеңіл түрде өтуі мүмкін. Егер дер кезінде дәрігерге қаралмай, үйде емделіп жүріп уақыт өткізіп алса, 6-48 сағат аралығында өлім жағдайына алып келетін менингококцемияға ұласады. Кенеттен басталған түрінде денеде, үстінен басқан кезде жоғалмайтын гемморагиялық жұлдызша тәрізді бөртпелер пайда болады. Бөртпелер көбінесе бөкседе, аяқ-қолдарда,денеде байқалады. Ауыр жағдайларда қабақ пен бетке де шығады.Сондықтан үйде  бала немесе ересектерде осындай белгілер байқалғанда өз бетімен ем қабылдамай, дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласқаны жөн. Содан кейін суық тиюден және дененің салқындауынан сақтанып жүрген абзал. Халық көп шоғырланатын жерлерде жүргенде бетперде қолдануға кеңес береміз. Жеке бас гигенасы да маңызды, тамақтану алдында және дәретханадан кейін қолды мұқият сабынмен жуыңыздар. Үй жайларды жиі желдетіп, күнделікті ылғал жуып-тазалауды ұмытпаңыздар. Себебі, аурудың бактериясы ашық жерде тез өледі. Ал, ғимарат ішінде, адамдар көп шоғырланған жерлерде тасымалдаушылардан инфекция көп бөлініп, ауру жұғуы мүмкін.
 
 
Атырау қалалық санитариялық
эпидемилогиялық бақылау басқармасының маманы

  Аменова Роза Мукановна
                               

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521