Менингококтық инфекция бойынша жағдай

      Менингоккты жұқпа - симптомсыз тасымалдаушылықтан, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) және менингоккты сепсисінен (қанның зақымдануы) әртүрлі клиникалық көріністермен өттіп бактериялардан туындайтын жіті инфекциялық ауру.

    2020 жылы облыс бойынша менингококк инфекциясының 4 жағдайы тіркелді, 100,0 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 0,6 құрайды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай тіркелді.

    Инфекцияның көзі ауру адамдар және "дені сау тасымалдаушылар" болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белгілері жоқ адамдар, алайда олар менингококк тасымалдаушылары болып табылады.

         Менингокк жұқпасымен сырқаттанушылыққа қысқы және көктемгі маусымдылықпен сипатталады. Жұқпа ауа-тамшылы түрде (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде) таралады.    

         Клиникалық көрінісі: ауру қалтыраумен, дене қызуының 39-40 ° С дейін көтерілуімен жедел басталады. Науқас бас ауруына, тамақ ауруына, мезгіл-мезгіл құсуға шағымданады. Дененің төменгі бөлігінде өкше, аяқтар, жамбас, бөксе аймағында локализацияланған геморрагиялық бөртпелер байқалуы мүмкін.

 

                         Қажетті профилактикалық шаралар:

 

  • Егер жоғарыда аталған ауру белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

 

  • Өзін-өзі емдеуге болмайды !!!

 

  • Адам көп жиналатын орындарға барудан аулақ болыңыз;

 

  • Жеке гигиенаны сақтаңыз және дәретханадан кейін және тамақтанар алдында қолыңызды жуғыш затпен мұқият жуыңыз.

 

  • Бөлмені жиі желдетуді және күнделікті дымқыл тазалауды жүргізіңіз.

 

 

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысы СЭБД басшысының орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT