Менингоккты жұқпа - симптомсыз тасымалдаушылықтан, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) және менингоккты сепсисінен (қанның зақымдануы) әртүрлі клиникалық көріністермен өттіп бактериялардан туындайтын жіті инфекциялық ауру.
2023 жылдың қорытындысымен облыс бойынша менингококк инфекциясының 1 жағдайы тіркелді, 100,0 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 0,14құрайды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай тіркелген болатын. Аталған ауру облысымыздың Атырау қаласында тіркеліп отыр. 2024 жылдың 2 ай қорытындысымен менингококкты инфекция бойынша ахуал тұрақты, менингококкты инфекциясы бойынша жағдай тіркелген жоқ,
Инфекцияның көзі ауру адамдар және "дені сау тасымалдаушылар" болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белгілері жоқ адамдар, алайда олар менингококк тасымалдаушылары болып табылады.
Менингокк жұқпасымен сырқаттанушылыққа қысқыжәне көктемгі маусымдылықпен сипатталады. Жұқпа ауа-тамшылы түрде (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде) таралады.
Клиникалық көрінісі: ауру қалтыраумен, дене қызуының39-40 ° С дейін көтерілуімен жедел басталады. Науқас бас ауруына, тамақ ауруына, мезгіл-мезгіл құсуға шағымданады. Дененің төменгі бөлігінде өкше, аяқтар, жамбас, бөксе аймағында локализацияланған геморрагиялық бөртпелер байқалуы мүмкін.
Қажетті профилактикалық шаралар:
• Егер жоғарыда аталған ауру белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
• Өзін-өзі емдеуге болмайды !!!
• Адам көп жиналатын орындарға барудан аулақ болыңыз;
• Жеке гигиенаны сақтаңыз және дәретханадан кейін және тамақтанар алдында қолыңызды жуғыш затпен мұқият жуыңыз.
• Бөлмені жиі желдетуді және күнделікті дымқыл тазалауды жүргізіңіз.
Атырау облысы СЭБ департаменті
инфекциялық және паразитариялық
ауруларды эпидемиологиялық
қадағалау бөлімінің маманы. Айгерім Хаберова