Мерейі үстеген мейірбикелер

Бүгін Исатай ауданына іс-сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев келді.

Сапар барысында мәжіліс депутаты аудандық ауруханада болып, өткен жылдардағы жаһанды жаулаған індетпен күресте қажырлы еңбегімен көзген түскен бірқатар мейірбикелерге алғысын айтып, «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан «Жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісін тақты және өзінің алғыс хатымен марапаттады.

1b68e752-0c83-4ee1-a709-5ded8b1dca5f

6ac99506-f5ee-4299-84ae-8ee061cd8fb6

7e378103-795b-4870-ba53-ce24dce03c6e

Атап айтқанда, аталған төсбелгі аудандық емхананың мейірбикелері Бибігүл Сұлтанова, Алтынай Әбілхайроваға және емхананың кіші қызметкері Клара Хусиноваға тағылса, мәжілісменнің алғыс хаты мейірбикелер Алтынгүл Абуова, Майрагүл Сыехова, Анар Мұхтарова және Айсұлу Апеноваға тапсырылды.

f139d156-d860-444d-b7eb-a4c10d0d72e9

88a89004-e273-42a2-994e-9084f35872e4

Індетпен күресте өз бастарын қатерге тіккен денсаулық сақшыларын «бүгінгі күннің батырлары» деп айтсақ артық айтқандық болмас. Депутаттың бұл көрсеткен ықыласы мен құрметіне дәрігерлер шынайы алғысын білдірді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT