Мессенджерлердегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді (+ВИДЕО)

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, "Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады" деген форматта мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат жалған.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған балаларға келген жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Атыраудың провизорлық стационарларына балалар кереуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр" деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз" делінген баспасөз хабарламасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521