Міндетті медициналық тексеруден өту маңызды

0 votes

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес азаматтар медициналық тексеруден өтуге міндетті.

    Медициналық тексеруден өту кезінде аурудың уақытылы алдын алуға мүмкіншілік болады. Медициналық тексеру- денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, аурудың таралуын, оның ішінде кәсіби улануды, жазатайым оқиғаларды анықтауға және алдын алуға, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің қандай да бір шаруашылық және өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық тексеру. 

      Медициналық тексерудің екі түрі бар:

Алдын ала медициналық тексерулер –мамандық немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде жүргізілетін міндетті медициналық тексерулер;

Мерзімді медициналық тексерулер-денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және таратпау мақсатында жүргізілетін міндетті медициналық тексерулер;

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 15 қазандағы №ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы «Міндетті медициналық қарап –тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және қауіпті өндірістік факторларың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медицианлық қарап-тексерудер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жүргізіледі. 

-Қоғамдық тамақтану және тамақ өнеркәсібі объектілерінің жұмыскерлері әрбір 12 ай сайын функционалдық зерттеулердің, әрбір 6 ай сайын зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен;

-Азық-түлік саудасы объектілерінің жұмыскерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын адамдар әрбір 12 ай сайын функционалдық және зертханалық зерттеулер кезеңділігімен;

Кремді-кондитерлік өндірістер мен балалардың сүтханасының жұмыскерлері әрбір 12 ай сайын функционалдық зерттеулердің , әрбір 6 ай сайын зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен;

Жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының (теміржол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен вокзалдары, автовокзалдар, метрополитендер) жұмыскерлері- функционалдық зерттеулер кезеңділігімен әрбір 12 ай сайын.

Жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз және авиакөлік стюарттары-әрбір 12 ай сайын функционалдық және зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен 

Бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары білім беретін оқу орындарының, мектептен тыс мекемелердің, компьютерлік клубтардың жұмыскерлері- әрбір 12 ай сайын функционалдық және зертханалық зерттеулер кезеңділігімен; ( оқу жылы басталар алдынды-маусым ,шілде, тамыз)

Балаларды және жасөспірімдерді маусымдық сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері әрбір 12 ай сайын функционалдық зерттеулердің , әрбір 6 ай сайын зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен;

Мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалардың жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі үйлердің жұмыскерлері- әрбір 12 ай сайын функционалдық зерттеулердің , әрбір 6 ай сайын зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен;

-Перзентханалардың (бөлімшелердің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелер бөлімшелерінің және ауылдық ауруханалардың аралас бөлімшелері стационарларының және күндізгі стационарлардың медицина жұмыскерлері. Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың медицина жұмыскерлері-әрбір 12 ай сайын функционалдық зерттеулердің, әрбір 6 ай сайын зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен (кіші медицина персоналы-әрбір 12 ай сайын)

Қызмет көрсету саласының (моншалар, себезгі бөлмелері, сауналар, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау) жұмыскерлері, бассейндер мен сумен емдеу орындарының балшықпен емдеу орындарының, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері, қонақ үйлердің, мотельдердің, жатақханалардың, кемпингтердің менеджерлері, әкімшілері, қабаттарының меңгерушілері - әрбір 6 ай сайын зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен ,функционалдық зерттеулер кезеңділігімен әрбір 12 ай сайын.

Дәрілік заттарды дайындаумен, буып-түюмен және сатумен айналысатын дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар) жұмыскерлері-әрбір 12 ай сайын функционалдық зерттеулер кезеңділігімен;

-Су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының жұмыскерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін адамдар, өндірістік зертханалардың, сумен жабдықтау және кәріз объектілерінің жұмыскерлері-әрбір 12 ай сайын әрбір 12 ай сайын функционалдық, зертханалық зерттеулердің кезеңділігімен ;

-Жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттері) міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын жұмыскерлер ретінде ұйымдарда практикадан өту алдында және оның кезеңінде ұйымдарда, сондай-ақ практика өтетін ұйымның санатына сәйкес,практикадан өту кезеңінде 12 айда 1 рет міндетті. 

-Зиянды немесе қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтін адамдар арасында жүргізілген мерзімді медициналық тексерулердің нәтижесі бойынша белгіленген нысан бойынга қорытынды акт жасалады. Міндетті медициналық текскерулер мен зертханалық зерттеулердің нәтижелері жеке медициналық кітапшада көрсетіледі.

    Құрметті тұрғындар! Медициналық тексеруден уақытында өту аурудың алдын алуға және ауруларды ерте анықтауға, емдеуге мүмкіндік береді.    

     Осыған байланысты Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аурулардың бастапқы белгілерін уақытылы анықтау, жалпы кәсіптік инфекциялық және паразитарлық аурулардың алдын алу және таратпау мақсатында барлығына міндетті медициналық тексеруден өтуге жауапкершілікпен қарауды және дәрігерлердің барлық қажетті талаптары мен ұсыныстарын сақтауды ұсынады. Өз денсаулығыңыз - өз қолыңызда!

 

 

    Исатай аудандық СЭББ басшысының у.м.а Г.Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT