Минералды су: пайдасы мен түрлері

сурет ғаламтордан

 

Минералды су — адам ағзасының жұмысын жақсартып, токсиндерді шығару үдерісіне көмектесетін табиғи ресурс. Ол ағзаны қажетті минералдармен толықтырады, көңіл күйді көтереді және асқазан-ішек жолдары, бауыр, өт қабы, бүйрек ауруларында, сондай-ақ зат алмасу мен тыныс алу жолдарына байланысты мәселелерде пайдалы әсер етеді.

Минералды сулар жер қыртысының терең қабаттарында табиғи жолмен қалыптасады және әртүрлі минералдық құрамға ие болады. Олар табиғи немесе жасанды, газдалған және газдалмаған түрлерде кездеседі.

Минералды суларды минералдық құрамына байланысты үш негізгі топқа бөлуге болады:

Асханалық су
Мұндай сулардағы тұз мөлшері литріне 1 граммнан аспайды. Олар күнделікті ішуге жарамды, дәмі жеңіл, жұмсақ және бөтен иіссіз болады. Асханалық минералды су шөлді қандырып, ағзаның қалыпты жұмысын қолдауға қолайлы.

Емдік-асханалық су
Литрінде 1–10 грамм тұзы бар сулар емдік және профилактикалық мақсатта қолданылады. Мұндай суды аз мөлшерде, ара-тұра ішу ұсынылады.

Емдік су
Литрінде 10 граммнан астам тұзы бар минералды сулар көбінесе санаторийлерде немесе курорттық емдеу орындарында қолданылады. Бұл суды дәрігердің кеңесінсіз пайдалану қауіпті, себебі ол денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

 

Б.С.ҚАРТМАҒАНБЕТОВА
Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT