Министр үйде емделу қауіпсіз екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үйде медициналық көмек көрсетудің қауіпсіз екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қалыптасқан жағдайларда біз пациенттерге үйде медициналық көмек көрсетуді барынша қауіпсіз деп санаймыз. Амбулаториялық-емханалық көмек дистанциялық жұмыс форматына ауыстырылады, учаскелер деңгейінде шамамен 3 мың мобильді бригада құру жоспарлануда. Олар медициналық қызметкерлердің пациенттерге үйге баруын, COVID-19-ға тест алуды қамтамасыз етеді. Науқастарға кеңес беріп, ем тағайындайды. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді, сондай-ақ пациенттің жағдайына қашықтан мониторинг жүргізеді" деді Алексей Цой.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521