Өндірісте жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) — сіздің қауіпсіздіктің кепілі!
Кез келген өндірістік нысанда қауіпсіздік — ең басты талап. Жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) жұмысшылардың жарақат алу қауіпін азайтып, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Міндетті қолданылатын негізгі ЖҚҚ түрлері:
1. Басқа арналған қорғаныс — каска мен шлемдер соққы, құлау, заттардың түсуінен қорғайды.
2. Көз бен бетке арналған қорғаныс — қорғаныс көзілдіріктері, маскалар мен қалқандар шаң, химиялық заттар мен механикалық зақымданудан сақтайды.
3. Есту мүшесін қорғау — шуды көп өндірістерде құлаққап пен беруші қолданылады.
4. Тыныс алу жолдарын қорғау — респиратор мен маска зиянды заттар мен шаңды жұтудан сақтайды.
5. Қолды қорғау — түрлі қолғаптар кесуден, күйіктен және химиялық заттардан қорғайды.
6. Аяқты қорғау — арнайы, нығыздалған төсенішті және тайғаққа қарсы етік.
7. Денені қорғау — арнайы киім, шағылысатын киім мен химиялық заттардан қорғайтын костюмдер.
Неге бұл маңызды?
ЖҚҚ қолдану өндірістік жарақаттар санын едәуір азайтып, жұмыс орнын жайлы етеді. Денсаулық пен өмір — баға жетпес құндылық, сондықтан қорғаныс құралдарын пайдалану маңызды!
Искакова Айгүл Сабырқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары