Өндірістік бақылауға қойылатын талаптар қандай?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020ж. №360-IV Кодексінің 51 бабы, 2, 3 тармағында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті екендігі көрсетілген. 

Өндірістік бақылау дегеніміз (өзін-өзі бақылау)  объектілерде санитариялық-эпидемиологилық нормалау құжаттарында көрсетілген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылау жүргізу арқылы өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.
Өндірістік бақылау ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағида талаптарына сай жүргізіледі.
Тiзбелерi "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21710 болып тіркелген) бекітілген өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілер өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) объектілері болып табылады.

Негізгі талаптар:Зертханалық зерттеулер мен сынақтарды дара кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертханалар базасында не Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды (сынақорталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады. 
Қағида талабына сәйкес өндірістік бақылау бағдарламасы жасалады. Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға дербес өзі немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады.
Өндірістік бақылауды қамтамасыз ету дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның басшысына жүктеледі. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылылығын, толықтығын және анықтығын қамтамасыз ету дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тағайындайтын адамдарға жүктеледі.
Әзірленген өндірістік бақылау бағдарламасын заңды тұлғаның басшысымен, дара кәсіпкермен бекітіледі.
Өндірістік бақылау бағдарламасы еркін нысанда жасалады,  сонымен қатар   төмендегідей  тізбелер айқындалады:
- жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету дара кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жүктеу; 
- медициналық қарап тексеруге, гигиеналық даярлыққа және аттестаттауға жататын жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі мен тексерулерден өтуі;
 - нысанда жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, шығарылатын өнімдердің тізбесіне сай «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат құжаттарының немесе қызметтің басталуы туралы хабарлама болуы;
- Ережеге сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін, жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар объектісінің қызметіне байланысты туындайтын жағдайлар туралы, авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы Қазақстан Республикасының халықты, жергілікті атқарушы органдарын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын хабардар ету схемалары.
 - зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар (өлшеулер) алу жүзеге асырылатын бақылау нүктелерін және сынама алу (зертханалық зерттеулер және сынақтар жүргізу) мерзімділігін көрсете отырып, оларға қатысты зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді ұйымдастыру, қажетті бақылау нүктелерінің (бақылаудың сыни нүктелерінің) тізбесін анықтау мен құру. 
Қызметтің немесе өнімнің қауіпсіздігі мен зиянсыздығы зертханалық тексерулер мен зертханалық-аспаптық өлшеулерді жүргізе отырып анықталады. 
Денсаулық сақтау объектілері, коммуналдық, өнеркәсіптік гигиена, радиациялық гигиена объектілері, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдары және тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілерінде зертханалық-аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшемшарттары және кезеңділігі, осы санитариялық қағиданың №1 қосымшасында көрсетілген. Жасақталған  бағдарламаға, №1 қосымшамаға сай нысанда атқарылған өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарты жылда 1 рет, кейінгі айдың 5-күніне осы санитариялық қағиданың №2 қосымшасына сәйкес есеп ұсынылуы тиіс. Сондықтан, өндірістік бақылау бағдарламасын нысан қызметіне енгізу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтаудың маңызды шараларының бірі болып табылады. 

 


Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT