Өнім қауіпсіздігі жіті бақылануда!

фото: интернеттен

Біздің еліміз Кеден Одағы мүшесі ретінде жұмыс атқаруда.                      

 Ал Еуразиялық экономикалық одақ аумағында айналымға шыққан өнімдер Кеден одағы Комиссиясымен бекітілген құжаттар, яғни Бірынғай санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуы тиіс. Яғни, өңірімізге айналымға түскен өнімдер жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Айналымдағы өнім №021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», №022/2011 «Тағам өнімінің таңбалануы бөлігі», №033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», №034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» т.б. техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуы керек.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің тапсырмаларына сәйкес арнайы бөлінген қаржыға сауда объектілерінен өнімдер сатып алынып, санитариялық- эпидемиологиялық сараптамалау арқылы ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалына берілген тапсырмалары негізінде мониторинг жүргізу  жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы да біздің облысымызда өнімдер қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жұмыстары атқарылып келеді.

Өнімдер сынамалары сатып алу -  сынамаларды орамалау мен пломбылау, сатушының қолымен белгіленген сынама алу актісі, сауда объектісінен фискальдық чек негізінде, арнайы бөлінген қаржыға сатып алынады.

Ағымдағы жылы 62 өнім түрі сатып алынып, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалына жолданған болатын. Олардың 10-ы немесе 16% техникалық регламенттер талаптарына сәйкес еместігі анықталды.

Анықталған сәйкессіздік бойынша 10 балаларға арналған өнімдер сынамасының 10-ы немесе 100% техникалық регламенттер талаптарына сәйкес емес болды. Барлық сәйкессіз 10 өнім сынамасы таңбалану талаптары көрсеткіштері бойынша сәйкес еместігі анықталып отыр.

Сонымен қатар, сатып алынған өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижесінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды анықталған жағдайда субъектілерге (объектілерге) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма мамандары тарапынан бұзушылықты жою тәртібін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Кәсіпкерлердің негізгі бұзушылықтары болып  өнімдерді қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжатсыз, яғни күдікті болып есептелетін өнімдерді, өндірушісі белгісіз, тасымалдаушыны белгілейтін жалғама құжатсыз саудалауы, бұл  Кеден 021/2011 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің бұзылуы болып саналады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер біле тұра таңбалану тәртібіне сәйкес емес өнімдерді сатып алады. Кәсіпкерлер Кеден Одағының 022/2011 «Тамақ өнімдерінің таңбалану бөлігі» Техникалық регламентінің 4.2 бабы  «Тамақ өнімдерінің таңбалануы орыс тілінде және  мемлекеттік тілде,  яғни қазақ тілінде болуы тиістігін ескеруі қажет.

Өнім жеткізушілерді қоса алғанда және олардың жұмысшыларына Кеден Одағы шеңберіндегі нормативтік құжаттар, атап айтқанда Техникалық регламенттер талаптарын оқыту-үйрету семинарлары сала мамандарымен жүйелі өткізілуде.

Сауда саласындағы кәсіпкерлер, ең бастысы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында айналымға шыққан өнімдер Кеден одағы Комиссиясымен бекітілген құжаттар, яғни Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуы тиіс екендігін түсінулері керек.

Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау жұмысы тамақтан уланудың және топтық инфекциялық аурулардың жағдайлары болуының  алдын алуға  және тыстан әкелінетін тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған шараларды орындамау тауардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжаттарсыз және белгісіз жеткізушілерден алынуы, облыс аумағында эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне әкелуі ықтимал.

 

 

 

Атырау облысы

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің 

техникалық регламенттердің

талаптарын бақылау   

бөлімінің бас маманы                                                             

 

Мукашева Индира Бекжанқызы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521