2025 жылдың ақпан айынан бастап «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №46 бұйрығындағы өнім қауіпсіздігі мониторингін жүзеге асыру шеңберінде, өнімдерді сатып алуға жоспарланған . (отандық өндірушілер, ЕАС өндірушілер , өзге елдер) өнім түрі сатып алынып, сараптамаға жолданды.
Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына қаралды: (отандық өндірушілер , ЕАС өндірушілер , өзге елдер. ¬Өнімдер сынамасының таңбалану талаптарына, микробиологиялық көрсеткіш бойынша (бактериологиялық ластанған), өзгеде көрсеткіштер бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде тамақ сынамалары алынып, олардың техникалық регламенттер талаптарына қаралды. Балаларға арналған өнімдер (ойыншық , балалар мен жасөспірімдерге арналған өнім ) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес зерделенді.
Ал, қалған алынған өнім басқа халық тұтынатын тауарлар (парфюмерлік-косметикалық ; тұрмыстық химия және синтетикалық-жуғыш құралдар ; полимерлі –синтетикалық өнімдер; жеңіл өнеркәсіп өнімдер; лак-бояу өнімдері ; жеке қорғану құралдары ; жеке бас гигиенасын сақтауға арналған өнім ; тағаммен қатынасатың қаптамалар . Таңбалану, микробиологиялық және физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылғы 1-ші жартыжылдық қортындысы бойынша әлеуметтік желілер арқылы ақпараттар жарияланды.
Биологиялық белсенді қоспалар:
2025 жылдың 6 айында Instagram, Facebook т.б. әлеуметтік желілері арқылы «Тағамдық белсенді қоспалар» өнімдерін жарнамалап отырған 39 аккаунтқа Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік Кодексінің (01.01.2023 жылғы өзгерістер мен толықтырулар) 144-1 бабына сәйкес Бақылау қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау түріндегі тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесімен 39 аккаунттан «Тағамдық белсенді қоспалар» өнімдерін жарнамалау талаптарын бұзу дерегі анықталды. Қазіргі таңда аккаунт қолданушыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар жолданып,жұмыстар жүргізілуде.
Қала тұрғындарынан e-otinish платформасы арқылы бөлімге кәсіпкерлік нысандарына қатысты арыз-шағымдар, ал қалғандары түсіндірме сұрау түрінде келіп түскен болатын.
Санитариялық-ағарту жұмыстары:
Санитарлық ағарту жұмыстары бойынша, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және басқармаларымен Кәсіпкерлердің Кеден одағының Техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтағы көтерме және бөлшек сауда субъектілерімен және жеке тұлғалар арасында 9 семинар-кеңес және 11 радиоруб екі тілде өткізілді.
Атырау обылысы аумағындағы жергілікті газеттеріне 4 мақала жарияланды. Сонымен қатар, интернет ресурстарында желілерінде бөліммен 322(Instagram, Facebook) мақала жарияланып, 19 тікелей эфир өткізілді. Сонымен қатар мамандармен 141кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Искакова Айгүл Сабырқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары