Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі бір-біріне сәйкес пе?

 

Өнімдердің   сапасы  мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің  өзектілігі  жыл сайын артуда, себебі азық-түлік өнімдері мен өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығы мен гендік қорының сақталуын анықтайтын негізгі факторларының бірі болып табылады.

Өнімдердің   қауіпсіздігі  соңғы жылдары еліміздің  аса көңіл бөліп жүрген  мәселелердің бірі болып келеді.Тамақ өнімдерінің ,ассортимент пен өндірісінің түрлілігінің кеңеюі  тұтынушыларға азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық сатыларында және сатылымында жоғарғы сапа мен қауіпсіздігінің кепілінің қажеттілігіне әкеп соқтырады.

Қазіргі таңда Қазақстанның кәсіпорындарында замануи азықтық шикізат пен дайын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалайтын бақылау жүйесі болмағандықтан,көп жағдайда қажетті толық қауіпсіздік қамтамасыз етілмейді.                                 

Ағымдағы жылы да әдеттегідей облыс аумағындағы 388 көтерме және бөлшек сауда нысандарынан 3909 өнім сынамалары  алынды. Қазақстан Республикасы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитарлық ережелерге және Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігі туралы мақсатында зертханалық зерттеумен барлық негізгі өнімдер, яғни, азық-түлік, балалар мен жасөспірімдерге арналған, тұрмыстық химия, парфюмерлік-косметика және жеңіл өнеркәсіп өнімдері сатып алынып, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалына зертханалық зерттеуге 3903 өнім  сынамасының 796 сәйкессіздік анықталды. Бұл өнімдердің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитарлық ережелерге және Кеден Одағының Техникалық Регламенттері талаптарына сәй келмеуі себепті. Өнімдерден анықталған сәйкессіздіктің барлығы  Кеден Одағының Техникалық Регламенттеріне таңбалануы бойынша табылып отыр. Осындай сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137 бабы, 3 тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасақталаталып, жеке немесе заңды тұлғаларға  бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді.  Сәйкессіздік анықталған өнімдер  адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін болу себепті қауіпті өнім болып табылады және зертханалық зерттеу қорытындысымен осындай өнім анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексі негізінде жоспардан тыс тексеруге жатады.

Өнімдер адамның өмірімен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін өнімдер ,соның ішінде сәйкессіздік өнім саттықтан алынып,(жеткізушілерге қайтарылды,жойылды).Атап айтқанда,  балалар өнімі ,жеке қорғаныс құралдары ; лак бояу өнімдері; мұздануға қарсы реагенттер ;май,майлау өнімдері,арнайы сұйықтықтары және дезинфекция құралдары, Қазақстан Республикасының «Тағам қауіпсіздігі туралы» Заңының 11 бабының 7 тармағына, 21 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген «Адамның өмірімен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою Ережесі»-не  сәйкес жою шараларын жүргізу міндеттеліп, нұсқама берілді.  Жоғары көрсетілген мәліметтерді қорыта келе, облыс аумағында бөлшек сауда нысандарының кәсіпкерлік субъектілеріне өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға,  ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққаалып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады. Өнімді сатып алған кезде,әр тауардың сапасына,таңбасына қатаң көңіл бөлуі керек.Әр тұтынушының денсаулығы-өз қолында екенін ұмытпаған жөн.

 

 

А. Искакова

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT