Ойыншықтарды сатып алу барысында неге назар аудару қажет

фото; интернеттен

Қазіргі уақытта сауда орындарында ойыншықтардың өте үлкен ассортименті бар. Ең бастысы, ойыншық қауіпсіз, тығыз, қауіпсіз материалдан жасалған, ұсақ бөлшектері болмауы керек және оны жууға болатын материалдан жасалуы қажет. Сатып алу кезінде өндірушіге, қаптамаға, ойыншық шығаратын дыбыстарға назар аударыңыз, олар дыбыстар нәрестені қорқытпауы тиіс.

 Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсармасында қандай жастағы балаларға арналғаны туралы көрсетілуі керек,  мысалы: бір жасқа дейінгі; 1 жастан 3 жасқа дейінгі; 3 жастан 6 жасқа дейінгі; 6 жастан жоғары; сонымен қатар  мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек. Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау) дамытуға арналады. Бір жастағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әр түрлі шылдырмақтар, т.с.с. болып табылады. Бір жастың соңына қарай қуыршақтар, аңдар, машина, ойыншық –әткеншектер, т.б. қолданыла бастайды. Ойыншықтарды кездейсоқ базарлардан емес, ойыншық сататын арнайы нүктелерден алу керек.Ойыншық таңдау кезінде оның иісіне жете мән беру керек, бұл арқылы оның сапасын жанама түрде білуге болады. Ойыншықтарда өткір, жағымсыз, бөтен иіс болмау керек Бүгінгі таңда Қазақстанда балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын талаптар айқындалған, олар Кеден одағының КО ТР 08/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде нақты жазылған, ол балалар мен оларға қарайтын адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды олардың мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында ойыншықтарға қойылатын талаптарды белгілейді. Ойыншықтарда пайдаланылған материалдарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған қайталама шикізатты қолдануға жол берілмейді. Ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне төзімді болуы керек, сұйық толтырғыштың ағып кетуіне жол берілмеуі тиіс. Ойыншықтарды таңбалау айқын, тексерілетін, анық, оңай оқылатын, тексеруге және сәйкестендіруге қол жетімді және келесі ақпарат:

- ойыншықтың атауы;

 - ол дайындалған елдің атауы;

- дайындаушының, импорттаушының атауы және орналасқан жері, олармен байланыс үшін ақпарат; - дайындаушының тауар белгісі (бар болса);

- ойыншық арналған баланың ең төменгі жасы немесе баланың жасын көрсететін пиктограмма;

 - негізгі құрылымдық материал (үш жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда).

 - ойыншыққа күтім жасау тәсілдері (қажет болған жағдайда);

 - шығарылған күні (айы, жылы);

- қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар орнатылған кезде);

- сақтау шарттары (қажет болған жағдайда) көрсетілуі тиіс. Есіңізде болсын, ойыншықтар пайдалы және қауіпсіз болуы керек! Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау және сатып алу кезінде ойыншықтың сапасына және анықтамасына аса назар аударыңыздар.

 

Исатай аудандық СЭББ басшысы                         Б.Картмаганбетова

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT