ОҚУШЫ СӨМКЕСІН ДҰРЫС ТАҢДАУ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?

 

Балалар болашағымыз, ұрпақ жалғастырушы. Сондықтан да, ата-ана үшін баласының денсаулығы өте маңызды. Адам денсаулығы – қоғам байлығы.

Баланың денсаулығына зиян келтірмей, жасына сай дұрыс қалыптасуына барлық жағдай жасауымыз қажет. Мысалы, мектепке баратын баланың сөмкесін дұрыс таңдаған жөн. Әсіресе бірінші немесе бастауыш сынып оқушысы үшін мектеп сөмкесін (рюкзак, ранец) таңдау әрбір ата-ананы толғандыратын маңызды мәселелердің бірі.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, оқушы сөмкесінің ауыр салмағы балалардың денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Сол үшіноны дұрыс таңдау омыртқаның қисайуын, остеохондроз, жарықтың пайда болуынжәне басқа да осыған тендес бірқатар аурулардың негізгі алдын-алу шараларының бірі болып табылады.

Құрметті ата-аналар! Мектеп сөмкесін таңдауда төменде көрсетілген талаптарды сақтағаныңыз жөн:

        - арқасы қатты ортопедиялық арқасы бар оқушы сөмкесін таңдау;

        - бауы кең, ал тұтқалары ұзындығы бойынша реттелуі тиіс;

        - бала арқасы мен белі мен мойынын қыспастан, арқасы мен екі бауы ғана болуы тиіс;

        - оқушы сөмкесінің салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес болуы тиіс.

           Ал бұл нормалау көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі. Аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптары бойынша күн сайынғы оқу жиынының салмағы келесідей:

  • 1-3 сынып оқушылар үшін 1,5-2,0кг;
  • 4-5 Сынып оқушылар үшін 2,0-2,5кг;
  • 6-7 Сынып оқушылар үшін 3,0-3,5кг;
  • 8-11(12) сынып оқушылары үшін 4,0-4,5кг

             Білім беру обькітілерінде сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, оқу-әдістемелік кешен және жазу құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылуы қажет.    

Сонымен қатар, Кеден Одағының 007/2011  «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес оқушы портфельдері мен сөмкелерінің алдыңғы, бүйір беті мен жоғарғы қақпақшасынада жарық шағылдырғыш элементтері бар бөлшектері және (немесе) фурнитурасы болуы және қарама қарсы түсті материалдардан жасалуы талап етіледі.

Бұйымның (оқушы сөмкесінің) салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700гр, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 1000гр –нан аспауы тиіс.

Балаларының денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.

 

 

А. Искакова

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау департаменті басшысының орынбасары 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT