Оқушылардың дұрыс тамақтануы – дені сау ұрпақ кепілі

сурет ғаламтордан

Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор. Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы – баланың жалпы дамуы мен денсаулығына пайдалы әсер ететін тағамдарды тұтыну болып табылады.

Білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, балалар сауықтыру және санаториялық-курорттық мекемелерде тамақ өнімдерін өндіру жағдайларына қойылатын талаптар ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ -16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (04.04.2023 ж. № 58 өзгертілген) (бұдан әрі – Қағидалар) қағидасымен регламенттелген.

Қағидаға сәйкес, күнделікті рационда ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер мен қант болуы керек. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті кемінде жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі.

Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымның білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді.

  •      Таңғы ас ыстық тағамнан (бірінші немесе екінші) және ыстық сусыннан, жұмыртқадан, сары май немесе ірімшік қосылған бутербродтан тұрады. Екінші таңғы асқа шырындар, жемістер көзделеді.
  •       Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс етінен) және үшінші тағам (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.
  •       Бесін аста мәзірге тоқашпен немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, сүт қышқылы өнімі, кисель, шырындар) енгізіледі.
  •       Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.
  •       Сонымен қатар, екінші кешкі асқа жемістер немесе ашытылған сүт өнімдері, нан немесе кілегейсіз кондитерлік өнімдер кіреді. 

Дұрыс құрылымдалған күн мәзірі ас қорыту жүйесінің ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Тамақтану арасындағы аралық 3,5 - 4 сағаттан аспауы керек. Балалар мен жасөспірімдердің ас мәзірінде дәрумендер мен минералды кешендермен байытылған тағам өнімдері көзделуі керек.

Йод тапшылығы ауруларының, темір тапшылық анемиясының, әртүрлі гиповитаминоздардың алдын алу үшін, сонымен қатар иммунитетті нығайту үшін тағамды дайындау кезінде йодталған тұзды және байытылған ұнды пайдалану қажет.

Объектілерде: қышқыл сүт, сүзбе, айран, еті бар құймақ, теңіз үлгісіндегі макарон өнімдері, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, кондитерлік өнімдер және тұтыну пакеттеріндегі тәттілер (шоколад, кәмпиттер, печеньелер), өндірістік емес (үйде жасалған) азық-түлік өнімдері, фастфуд-фудтар – гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, чипсілер (чипсондар), дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нандар, ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) және т.б. дайындауға және өткізуге жол берілмейді.

Мектеп жасындағы балаларда өсу процесі қарқынды жүреді. Сондықтан да мектеп оқушыларының  тамақтануын дұрыс ұйымдастыру, олардың дұрыс өсіп-жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Оқушының дұрыс тамақтануы- бұл ең алдымен ақуыз, май, көмірсулардың тепе-теңдігі.

Бұл заттардың жетіспеуі денсаулыққа кері әсерін тигізенді. Ақуыздар-зат алмасуға жауап беретін организмнің құрылыс материалы. Оның көп бөлігі бұршақ дақылдарында кездеседі. Қаныққан майлар ағзадағы қоректік заттардың тамсымалдануын және қажеттігармондардың өндірілуін қамтамасыз етеді. Көмірсулар-энергия көзі. Олар көбіне нан өнімдерінде, тәттілерді, бұршақ дақылдарында, дәнді дақылдарда кездеседлі.  Оқушылардың тиімді тамақтануы инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады, ақыл-ой еңбегі қабілетін жақсартады, иммунитетті арттырады.

Сондықтан ата-аналарда дұрыс тамақтан принципетрі мен гигиенасының ережелерін білу, түсіндіру баланың денсаулығын сақтауда өте маңызды. Оқушылардың тамақтануының негізгі проблемалары мекиептен тыс тамақтанумен, кептірілген картоп чипсілерді, қытырлақтарды, шоколад батончик көп жеумен байланысты. Қазіргі заман адамының тамақтануы асқазан-ішк жолдарының, эндокриндік жүйенің, жүрек –қантамыр жүйесінің ауруларынң өршуінің негізгі факторына айналды. Балаларға дұрыс тамақтану дағдаларын үйреткен маңызды. 

 

Б.ҚАРТМАҒАНБЕТОВА,
Исатай аудандық СЭББ басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT