Оқыту жағдайларына қандай талап қойылады?

Жалпы білім беру ұйымдарында балалардың оқыту жағдайларына қойылатын талаптар туралы бір ата-ана білсе, бірі білмеуі мүмкін. Сол себепті, Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға осы тақырыпта төмендегідей ақпарат береді.

Жалпы білім беру ұйымдарында оқыту жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі.

Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.

Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.

Жалпы білім беру ұйымдарындағы апталық оқу жүктемесі аталған санитариялық қағидасында көрсетілген.

Кестедегі сабақтар саны ата-аналаркомитетіменкелісіледі.

Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.

Сабақ кестесінде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі.

Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланады.

      Күн сайынғы оқу жиынының салмағы:

      1-3-сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2,0 килограмм (бұдан әрі – кг);

      4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 кг;

      6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 кг;

      8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 кг - нан аспауы тиіс.

      Сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады.

Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.

      Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.

      Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.

Мектепалды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан болып төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минутты құрайды.

      Мектепалды сыныптарда және мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде:

      1) мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда – 15 минуттан аспайды;

      2) 2-3 сыныптарда – 20 минуттанаспайды;

      3) 4-5-сыныптарда – 25 минуттанаспайды;

      4) 6-8 сыныптарда – 25 минуттанаспайды;

      5) 9-11 (12) сыныптарда – 30 минуттанаспайды.

 

 

Искакова А.С 

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT