Өңірде Covid-19 індетінің тағы 86 жаңа жағдайы тіркелді

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 627 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың 84-і – Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

- Ал, тағы екі науқас – 1986, 1997 жылғы әйелдер. Олар провизорлық стационарға жұмыс бабымен жіберілген облыстық аурухананың санитары мен лаборанты, - дейді штабтағылар.

Covid-ке алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаға сәйкес ем алады. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті дертке шалдыққандар саны 627 адамға жетті. Ал, коронавирустан айыққандар саны - 165.

Атырау облысының жедел штабы

Сурет: ашық дереккөзден

 

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика