Өңірде коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

1965 жылғы ер адам провизорлық стационарға түскенге дейін ауырып, 5 күн өткен соң ғана емхананың медициналық қызметіне жүгінген.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, ер адамда интосикация синдромы мен тыныс алу жолдарының жетіспеушілігі болған. Соның салдарынан ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы ауырлаған.

Ал, қауіпті індеттен қайтыс болған екінші ер адам - 1963 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны. Қабылдау кезінде бұл науқаста да интоксикация синдромы, тыныс алу жеткіліксіздігі анықталған. Дәрігерлердің барлық реанимациялық және емдік шараларды жүргізгеніне қарамастан, жағдай жақсармады.

Науқастардың қорытынды диагнозы: КВИ, екі жақты полецегменттік пневмония.

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21