Описторхозды жұқтырмау үшін, балық өнімдерін термиялық өңдеу ережесін қатаң сақтау қажет.

фото: интернеттен

Описторхоз-балық арқылы берілетін паразиттік ауру. Дәл диагноз нәжісте немесе өтте гельминт жұмыртқалары анықталған кезде расталады. Описторхоздың өсуінің негізгі себебі-адамдардың белгісіз сауда орындарында балық сатып алуы, балық өнімдерін дайындамас бұрын термиялық өңдеуде жеке гигиена ережелерін дұрыс сақтамауы.

Описторхоздың негізгі белгілері-4 аптаға дейін созылатын 37-38С дейінгі қызба, әдетте 2 аптаға дейін созылатын бет пен денедегі бөртпелер, жиі бас ауруы, ұйқының бұзылуы, әлсіздік, тершеңдік және тәбеттің төмендеуі, аллергиялық құбылыстар. Егер описторхоз соңына дейін емделмесе, ол бауыр абсцессіне, өт қабынуына және жүрек ауруларына әкелуі мүмкін. Аурудың негізгі көзі-өзендерде тұратын сазан тұқымдасы. Описторхозды жұқтырмау үшін, ең алдымен, балық пен балық өнімдерін термиялық өңдеу ережелерін қатаң сақтау қажет. Алдын алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:
* балықты қайнаған сәттен бастап кем дегенде 15-20 минут қайнатыңыз; 
* беті жабылған ыдыста  кішкене бөліктерге кесіп, оны 15-20 минут қуырыңыз
* балық бәлішін пеште кем дегенде 40 минут пісіріңіз; 
* тұздалған кезде 10 кг балыққа 2 кг тұзды қолданыңыз, екі немесе одан да көп апта бойы тұз қосыңыз; 
* кептіру кехзінде алдымен балықты үш күн тұздап , үш апта кептіру
* мұздатылған кезде балықты мұздатқышта немесе суықта -28°C температурада 41 сағат ұстаңыз; 
* аз тұздалған балық пен жоңқалап кесілген балық етін тұтынудан бас тартыңыз.
Ешқандай жағдайда шикі балықты немесе оның ішін үй жануарларына беруге болмайды, өйткені олардың жұқтыру қаупі артады, онда жануарлар описторхоздың таралу көзі бола алады. Балықты кесу және өңдеусіз тұтынылатын тағамдарды кесу кезінде әртүрлі кесу тақталарын пайдалану керек. Сауда жасауға рұқсат етілмеген жерлерде  балық сатып алу ұсынылмайды!

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасының басшысы   Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521