Бүгінгі таңда әрбір адам өз денсаулығына ерекше көңіл бөліп, дұрыс тамақтануға және пайдалы тағамдарды тұтынуға тырысады.Осы қағидаларды ұстанатын адамдар көбінесе «Био», «ЭКО», «органикалық»деп белгіленген өнімдерді таңдап,сатып алуға ұмтылады.Алайда,ең алдымен қандай өнімнің органикалық болып саналатынын және оның басқа тағамдарға қарағанда қандай артықшылықтары бар екенін білген жөн.
Органикалық өнім дегеніміз не ?
Органикалық өнім- органикалық ауылшаруашылығы өндірісі жүргізідетін аймақтарда өсірілген өсімдіктер мен жануарлардан алынған шикізаттан дайындалған тағам.Сонымен қатар,орман,ара шаруашылығы және балық өнімдері органикалық ережелерге сәйкес өндірілген,өңделген,сақталған және сатылған жағдайда органикалық өнім болып есептеледі.
Органикалық өнімнің ерекшеліктері:
Органикалық өндіріс аймағында
*пестицидтер мен өсімдіктерді қорғау химиялық құралдары:
*минералды тыңайтқыштар:
*жануарлардың өсу және бордақылау стимуляторлары:
*антибиотиктар,горманалды және ветеринарлық препараттар:
*генетикалық түрлендірілген организмдер (ГМО):
*иондаушы сәулелермен өңдеу қолданылмайды.:
Органикалық өнімдер нарыққа шығарар алдында олар сәйкестікті растау бағасынан өтуі керек,яғни сәйкестік сертификаты болуы керек.Мұндай өнімдерге органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісі қойылады.Сәйкестік сертификаты,сондай-ақ осы өнімге транзакциялық сертификаты жоқ импорттық органикалық өнімді сауға жол берілмейді.Сатып алушының сатушыдан өнімнің сәйкестік сертификатын талап ету құқығы бар.
Органикалық өнімнің таңбалануы техникалық регламенттерде көзделген нақты,түсінікті, шынайы және міндетті ақпараттан басқа болуы тиіс.
Органикалық өнімді таңбалау және оны жарнамалау кезінде «органикалық»сөзін,туынды немесе одан қысқартылған сөзді бөлек немесе өнім атауымен ұштастыра пайдалануға жол беріледі.
Органикалық өнімді сатып алу немесе алмау әркімнің өз таңдауы!
Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға, ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.
Г.У.Джубанышева,
Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің бас маманы


