Өткен тәулікте 1689 атыраулық коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

26 сәуірдегі деректер бойынша "Спутник V"-дің I компонентін және "QAZVAC" вакциналарын 1689 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде, 84 медицина қызметкері, 59 педагог, 38 полиция қызметкері, 17 студент, 184 құқық қорғау органдарының қызметкері, 32 мемлекеттік қызметші, 10 созылмалы аурумен ауыратын адам, 1263 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 26 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен және "QAZVAC" вакциналарымен 17736 адам вакцинацияланды. Ал, II компонентпен 4705 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап аймаққа "Спутник V" вакцинасының 37 200 мың дозасы және "QAZVAC"вакцинасының 2000 дозасы жеткізілген болатын.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521