"Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 248 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 97 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 34 адам ем қабылдауда" деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған 732 адам оқшауланып, дәрігер бақылауында. Атырау облысында өткен тәулікте 78 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 1-еуі Атырау қаласынан тіркелген.
Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 72 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 5 адамнан Covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде. Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы "қызыл аймақта" қалып отыр.
Сурет: ашық дереккөзден