Педикулез ауруынан сақтанайық!

          Тері – адам денесінің ең мықты қорғанышы, әрі нәзік жүйесі, ал оның саулығы адам денсаулығының бірден- бір кепілі болып табылады. Жүрек, бауыр, асқазан сияқты тері де қиын құрылымды және адам үшін өмірлік маңызды функцияларды атқаратын болғандықтан жеке жүйе болып саналады.

         Атырау облысы бойынша тұрғындар арасында   2024 жылдың 9 айында 60 науқастан педикулез ауруы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында -14 жағдай тіркелді. Өткен 2023 жылдың 9 айында  57 жағдай тіркеліп, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар  арасында - 40 жағдайы тіркелген.  Облыс көлемінде аурудың басым көпшілігі Атырау қаласы, Махамбет пен Құрманғазы аудандарында тіркеліп отыр.

       Педикулез - бұл тері мен шаштың паразиттік антропонозды  ауруы. Аурудың қоздырғышы - адамның терісіне немесе шашына енгеннен кейін тез көбейіп, көптеген физикалық және психологиялық қолайсыздықтар тудыратын қанды соратын паразиттер (биттер). Бұл ауру антисанитариялық жағдайда өмір сүретін тұрғындар арасында кең таралған, дегенмен, бұл аурудан ешкім қауіпсіз бола алмайды, әсіресе, егер олардың айналасында педикулез бар адам болса. Биттермен инфекция тұрмыстық байланыс, пайдалану заттары, төсек орындары, спорт жабдықтары немесе басқа заттар арқылы болады. Бас битінің қоздырғышы - бұл адам қанымен қоректенетін, тез көбейетін, жұмыртқа (нит) салатын биттер. Дерматологияда биттің бірнеше түрі ажыратылады  - бас, дене және жыныстық биттер. Бас битінің негізгі көзі ауру адам. Аурудың даму себебі жеке гигиена ережелерін елемеу, науқас адаммен немесе оның заттарымен тығыз байланыста деп саналады. Көбінесе сау адамдар жеке гигиена құралдарын бас киімдер, тарақтар, сүлгілер немесе төсек-орын жабдықтары арқылы қолданғанда, биттерге жұқтырады.

        Педикулез және жұқпалы тері ауруларының алдын алу үшін келесі профилактикалық шараларды сақтау керек:

- Жеке гигиена ережелерін сақтау, жиі жуыну немесе әрбір  5-7 күн аралығында моншаға түсіп, жуынып отыру керек;

-іш киімдерді және төсек жаймаларын жиі-жиі ауыстырып, оларды жуып, үтіктеп отырған дұрыс;

-әр адамның жеке сүлгісі және басқа да тұтыну заттары болғаны жөн;

- жан –жануарлармен қарым-қатынаста болғаннан соң қолды мұқият сабындап жуу қажет;

-жаңадан сатып алған киім-кешекті, іш киімді және төсек жаймаларын міндетті түрде үтіктеген жөн;

- -қышыма, басқа да тері  ауруына сәл күдіктенгенде дереу тұрғылықты жердің дәрігеріне көрінуі  қажет.

    Аурудың көрсетілген белгілері пайда болған кезде, уақытында медициналық көмекке жүгіну қажет.

       Дәрігерге ерте қаралу – айналасындағы адамдарға тері аурулардың таралмауын және одан тез сауығуын  қамтамасыз етеді.

     Өз денсаулығыңызға  және балаңыздың денсаулығына жауаптылықпен қараңыздар!

     Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және сау болыңыз!

 

 

Атырау облысы СЭБ департаменті

инфекциялық және паразитариялық 

ауруларды  эпидемиологиялық 

       қадағалау  бөлімінің жетекші маманы                                            

   Айгерім Хаберова 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT