Педикулез – адам шашында биттер мен оның жұмыртқаларының (сірке) тіршілік етуі. Бит бастың шаш бөлігінде, әсіресе самайында, желкесінде және төбесінде өмір сүріп, жұмыртқаларын салып көбейеді. Педикулез немесе биттеу –адам денесінде биттердің арнайы паразиттік жолмен тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз. Бастың биті 40 күнге дейін өмір сүреді. Биылғы жылдың 7 айында ауданда педикулездің 2 жағдайы тіркеліп, былтырғы жылдың 7 айымен салыстырғанда 2 жағдайға өсіп отыр.
Былтырғы жылдың 7 айында педикулез тіркелмеген болатын.Оның ішінде 2 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 7,5 пайызға өскен.
Зақымдану қандай жолмен беріледі?
Педикулез ауруының таралуына қоршаған ортаның қолайсыз әсері ( үлкен ұжым, жеке гигиеналық ереженің сақталмауы), көп жағдайда әлеуметтік факторлардың айқын маңызы бар.
Педикулезді адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасаған уақытта кез келген жерде, яғни дүкенде, темір жол көлігінде, автобуста және басқа да қоғамдық көліктерде, хауызда, ұйымдастырылған мекемелерде және киімді, төсек жабдықтарын, бас киімді, тарақты және басқа да жеке бас заттарды бірге қолданғанда жұқтырып алу мүмкін.
Педикулездің негізгі белгілері:
- зақымдалған тері бөлігінің қышуы;
- бірнеше күннен соң бит шаққан жарде бөртпе пайда болады;
- қасыну;
- шашта сіркелердің болуы.
Педикулездің алдын алу шаралары, негізінен, жеке бас гигиеналық ережелерді сақтау болып табылады: аптасына 1 рет моншаға, душқа жуынып, жүйелі түрде іш киімдер мен төсек жаймасын ауыстырып отыру, шашты күнделікті тарап, ұзын шашты өру керек, төсек жаймасын жуу, бөлмені тұрақты түрде тазалап тұру керек;
- балаларға бөгде адамдардың тарақтарын, сүлгілерін, бас киімдерін, наушниктерін, шашқа тағатын қыстырғыштарын, резинкаларын қолдануға рұқсат етпеу, өйткені осы заттар арқылы бит таралуы мүмкін;
- үйде балалардың шашын ұдайы тексеріп отыру керек.
Педикулездің алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық -эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен реттеледі.
Педикулездің алдын алуы мен онымен қарсы күресуде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық сатысында (емханаларда, стационарларда, ұйымдасқан балалар ұжымдарында және т.б.) биттеуді белсенді түрде анықтау маңызды орын алады.
Бит бөртпе сүзек және кейбір қызба түрлерінің потенциалды таратушысы болып табылады. Сондықтан, баланың басында бит анықталған жағдайда, дәрігерден кеңес алған жөн.Медицина қызметкері биттерді жою бойынша ұсыныстар береді. Педикулездің алдын алу мақсатында, отбасы мүшелерін де профилактикалық залалсыздандырудан өткізу қажет.
Педикулезбен ауыратын науқастардың төсек орындарын, киімдерін дезинфекцияялау дезинфекциялық камераларда және педикулез ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Педикулезбен ауыратын балалар санациядан кейін мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру мекемесінде педикулездің жоқтығы туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана қабылданады.
Педикулезге қарсы заманауи препараттардың түрлері көп және олар гель, шампунь, ласьон, аэрозоль және сықпа май түрінде болады. Препараттарды қолданар алдында оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен танысу қажет.Педикулезбен зақымданған ауруды уақытында анықтау және оны оқшаулау-аурушаңдықтың одан әрі таралмауының тиімді шарасы.
Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Б.Картмаганбетова