Президент ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар зертханалардың маңындағы ұзын-сонар кезекке, кезекте санитарлық нормалардың сақталмауына әділ шағымдарын жасауда. Осының барлығы инфекция жұқтырудың қатеріне алып келеді. Сондықтан індетті жұқтыруды алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізу керек» деді Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажеттігін айтты. Әсіресе, ауылды жерлерде осындай зертханалар қамтылуы тиіс. Бұл тұрғыда Президент мобильді қызметтерді ары қарай дамытуға қаржы бөлуді жүктеді.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика