ПТР-тесттен кімдер тегін өтеді?

Әлеуметті медициналық сақтандыру қоры кімдер КВИ бойынша ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты.

КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрап отыр.

«Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді» деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі».

Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жіберген болатын. Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды:

- COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;

- ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;

- КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;

- стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;

- тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;

- шетелден келгендер;

- коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері және жүкті әйелдер, т. б.

Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:

- үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды;

- арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);

- әскерге шақырылушыларға және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, операторы ӘМСҚ болып табылатын, COVID-19-дың алдын алу бойынша іс-шараларға республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-күндер бойынша емделген жағдайларды төлеуге – 14,7 млрд теңге, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемеақы төлеуге - 35,8 млрд. теңге, диагностикалық зерттеуге (ПТР – тесттер) - 5,4 млрд теңге қаралған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521