Қазақстанда қайта вакцинациялау қарашаның үшінші онкүндігінде басталады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакциналау кезінде кімге қандай вакцинаны егуге болатынын түсіндірді:

- векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады;

- инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады;

- м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинасын қайта салдыра алады;

- вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғаннан кейін үш айдан соң қайта вакциналаудан өтеді.

Ревакцинация үшін вакцинаның 1 ғана дозасы пайдаланылады. Бірінші вакцинаның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша дозаны алуға болады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT