Радиациялық қауіпсіздік туралы не білеміз?

 

Радиациялық қауіпсіздік — адам мен қоршаған ортаны иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған шаралар мен ережелер жүйесі.

Иондаушы сәулеленудің көздері

  • Табиғи көздер: топырақтағы радиоактивті элементтер, ауадағы радон газы, ғарыш сәулелері.
  • Медициналық құралдар: рентген аппараты, компьютерлік томография, радиотерапия.
  • Өнеркәсіптік және ғылыми: ядролық реакторлар, радиоактивті материалдарды өндіру мен өңдеу, дефектоскопия.
  • Ядролық нысандар: атом станциялары, радиоактивті қалдықтарды сақтау орындары.

Иондаушы сәулелену жасушалар мен тіндерді зақымдап, сәулелік ауру, генетикалық мутациялар және қатерлі ісіктер қаупін арттырады. Қауіп сәулелену мөлшеріне, уақытқа және сәулелену түріне байланысты.

Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары

  1. Өзекті уақытты азайту — сәулелену аймағында болу уақытын қысқарту.
  2. Қашықтықты арттыру — сәуле көзінен алыстату.
  3. Қорғану құралдарын пайдалану — қорғасын, бетон сияқты қорғаныс материалдарын және жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
  4. Бақылау және мониторинг — радиация деңгейі мен дозаларын үнемі өлшеу.
  5. Оқыту және ақпараттандыру — мамандарды дайындау және халықты хабардар ету.

Төтенше жағдайдағы әрекеттер

  • Құтқару қызметтерінің ресми нұсқауларына сай әрекет ету.
  • Тыныс алу жолдарын қорғау (марлеві маскалар) пайдалану.
  • Қолайлы жағдайда эвакуациялану немесе қорғалған жерде тұру.
  • Гигиена ережелерін сақтау, ластанған азық-түлік пен суды қолданбау.

Радиациялық қауіпсіздік — әрбір азамат пен мемлекеттің жауапкершілігі. Ережелер мен нормаларды сақтау радиациялық әсердің зиянын азайтып, денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

 

 

Искакова Айгүл Сабырқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT