Сәулелік диагностика кабинеттері мен бөлімшелері ең төменгі сәуле жүктемесінде жоғары сапалы кесіндеме алуға мүмкіндік беретін, кең ауқымды диагностикалық мүмкіндігі бар заманауи құралдармен жабдықталады және амбулаториялық-емханалық ұйымдардың ғимараттарында орналастырылады.
Кабинеттерді тұрғын ғимараттардың, мектепке дейінгі балалар және оқу ұйымдарының жапсарлас, жанастыра және жапсарлас жанастыра салынған үй-жайларының амбулаториялық –емханалық ұйымдарында орналастыруға тыйым салынады. Емшара және басқару бөлмелерінің қабырғалары мен төбесінің беттері ылғалды тазалау жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін тегіс болуы тиіс. Рентгенологиялық опреация, операция алдындағы үй-жайлардағы, фотозертханадағы еденге су өткізбейтін материалдар төселеді. Кабинеттерді автономды желдеткіш жабдықталады, ауа баптағыштармен қосымша жабдықтауға рұқсат етіледі. Кабиетте ренгтен аппараттарынң сипаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулығы, дозиметриялық бақылау, ренген аппараттарының пайдалану параметрлерін бақылау хаттамалары, кабиетті санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілері, электр өлшеу аспаптарын тексеру хаттамалары, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болады. Сондай-ақ көрінетін жерге пациенттерге арналған медициналық емшаралар кезіндегі дозалық жүктемелер туралы жадынамаларды орналастыру қажет.
Кабиеттердің қабырғаларында және рентген аппараттарын басқару бөлмесінде еденнен 1,6-1,6-1,8 м биіктікте немесе ексіктің үсітнде пациент емшара бөлмесінде болған кезде персонал қосатын «Кіруге болмайды!» деген жанатын табло орналастырылады. Пациенттің жай-күйін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қарау терезесі және дауыс зорайтқыш байланыстың сөйлесу құрылғысы көзделеді.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін ренген аппараты, электр аспаптары, электр жарығы, желдеткіш ажыратылады, еденді жуу, қабырғаларды ылғалды тазалау арқылы пациентпен жанасатын элементтер мен жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялау жүргізіледі. Рентенологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде емшара бөлмесінде бір пациенттен артық болуға тыйым салынады.
Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова