Ротавирустық инфекция дегеніміз не?

    Ротавирус-бұл вирус  асқазан мен аш ішектің қабыну ауруларын (гастроэнтерит) тудырады. Ротавирус әлемдегі сәбилер мен балалар арасындағы ауыр диареяның ең көп тараған түрі  болып табылады және жыл сайын бүкіл әлемде 500 000-ға жуық баланың өліміне әкеледі.

   2024 жылдың 10 айында облыс бойынша Ротавирустық инфекция 4 жағдай тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай тіркелді. 2023 жылдың 10 айымен  салыстырғанда аурушылдық 14,23 есе азайды  (2023 жылдың 10 айында ротавирустық  инфекция бойынша  56 жағдайы тіркелген).

    Ротавирустық инфекциялар әдетте оңтүстік-батыста күзгі айларда пайда болады және солтүстік-шығысқа көктемге таралады, сондықтан инфекциялар көбінесе қыркүйек айынан мамыр айына дейін суық айларда кездеседі.

   Ротавирустар қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінде ылғалдылық пен температураға байланысты 10-15 күннен 1 айға дейін тұрақты болып, ал науқастардың нәжісінде  7 айға дейін,өзінің тіршілігін жалғастырады. Көбінесе ротовирустар өзенде, көлде, теңізде, балық консервілерінде, теңіз тағамдарында анықталады. Ауру  ротовирустық инфекциямен ауыратын адамдармен байланыста болған кезде теңіз тағамдары, су арқылы беріледі. Инфекция таралған су аймағында көкөніс, жеміс тағамдары және басқа тағам түрінен жұғу мүмкін. Инфекция ошағы ауырған адам немесе вирус таратушы болып табылады.

Ауру түрі жіті, іш өтулер белгілерін құрайды. Жарты жағдайларда құсу байқалады. Айта кетсек, бұл ауру жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен де (ринит, ринофарингит, фарингит, бронхит және т.б.) сипатталады.

          Негізгі аурудын алдын алу шаралары төмендегідей:

  • қолдың тазалығын мұқият сақтау қажет, тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін оларды сабынмен жуу;
  • шикі су ішпеу, ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
  • көкөністерді, жидектерді, жемістерді ағынды, қайнатылған сумен жуып, тұтыну;
  • сапасы мен қауіпсіздігін анықтамайтын құжаттары жоқ заңсыз сауда жасайтын орындарда жеке тұлғалардан тағамдарды сатып алмау;
  • тағамдардың жасалу мерзіміне зейін қою;
  • тағамды бөлетін ас үй үстелінің және ыдыс-аяқтардың тазалығын сақтау;
  • балық пен ет, нан мен көкөністерге арналған бөлек пышақтар мен кесу тақтайларының болуы;
  • тез бүлінетін тағамдарды суық жерде сақтау;

 

 

 

Орынгүл Темірғали

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің

инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT