«Рroject Нope» жобасымен бірге туберкулезге қарсы күресеміз

«Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Рroject Нope» ұйымы «Жасөспірімдер мен балалар арасындағы туберкулездің алдын алу шараларының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандырылуы» тақырыбында журналистер мен блогерлердің қатысуымен медиа-тренинг өткізілді.

Үш күндік семинардың мақсаты – Атырау қаласының балалар мен жасөспірімдері арасында вакцинацияны қоса алғанда туберкулез профилактикасы мәселелерін жариялау сапасын арттыру.

Бүгінде күн тәртібіндегі әлеуметтік маңызы зор мәселелердің бірі болып саналатын бұл аурудың өршіп тұрғаны да белгілі жайт. Семинардың бірінші күнінде жоғарыда аталған жоба және аурудың шығу тарихы туралы, ақпарат көздерінде туберкулезге қатысты жарық көрген мақалаларды талқылау, ауыртпалық және кемсітушілікті түсіндіру, учаскелік мамандармен сұхбат болды.

t

Келесі күні Атырау облысындағы балалар мен жасөспірімдердің туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайы, туберкулезге қарсы шаралардың тиімділігі, профилактикалық, диагностикалық емдеудегі жаңа тәсілдер, ауруды айқындаудың ерекшеліктері және вакцинация жайында Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының орынбасары Гүлжанат Бекболатова, ХОУП жобасының туберкулез мониторинг және бағалау бойынша үйлестіруші Жанна Жандәулетова және жобаның консультанты Ирина Юзкаева сынды білікті мамандар кеңінен мағлұмат берді.

Қорытындыда алдыңғы екі күнге шолу жасалып, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің балалар бөлімшесін аралап, рентген құзыретті орталығын және бактериологиялық зертханадағы заманауи құрылғылары таныстырылды.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521