Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

Фото:интернеттен

Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету сапасына үлкен өзгерістер енгізілді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

 Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы және "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 30 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 

 

Қазіргі таңда Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

 

1.«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қортынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі –өтініш түскен мерзімнен бастап 13 жұмыс күні) ; 

2. «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемилогиялық қорытынды беру; (қызмет көрсету мерзімі –өтініш түскен мерзімнен бастап 10 жұмыс күні) ;

3.»Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу номерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмт (қызмет көрсету күні 5 жұмыс күні)

 

Барлық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб - порталы арқылы көрсетіледі. 

 

Қызметке тапсырыс беруші қажетті құжаттардың толық топтамасымен танысып,электрондық цифрлық қол таңбасымен өтініш түсіреді. 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілтін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;

Ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі: ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа , дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30 –ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30 –ға дейін , ал порталда : тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру ҚР еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 

 

2023 жылғы 30 мамырда мемлекеттік қызметтік көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Олар халықтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық мәні бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны,қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және шикізат пен өнімге зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділер жөніндегі нормативті құжаттама жобаларына санитариялық –эпидемиолгиялық қорытындының қолданысын қалпын келтіру, қайта рәсімдеу, қолданысын тоқтату тәртібі айқындалған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы № 202-V ҚРЗ заңына сәйкес қызметтің жаңа түрімен айналысуды ұйғарған немесе қызметінің тоқтатылуы туралы заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бұл жөнінде халықтың санитариялық санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуі қажет екендігін есте сақтауы тиіс.

Хабарламаны беру, яғни өтініш берушінің міндеттерінің орындалуын электрондық құжат ретінде растайтын талон болып табылады. 

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді алу барысы барынша ашық және қолжетімді. 

 

 

 Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT