Сібір жарасы - аса қауіпті жұқпалар тобына жатады

(0 Votes)

Сібір жарасы – адамдар мен жануарлар үшін ортақ, зооантропонозды аса қауіпті ауру, қоздырғышы негізінен байланыс механизмімен беріліп, белгілі бір жағдайларда спора түзуге қабілетті болып келеді. Аса қауіпті жұқпалар тобына жатады.

 Сібір жарасы  спораларының коздырғыштары жоғары температураға, кептіруге және дезинфектанттарға төзімді болғандықтан, ол топырақта ұзақ жылдар бойы сақталады.

Негізгі инфекция көздері ауру үй жануарлары – ірі және ұсақ мүйізді малдар, жылқылар, түйелер, шошқалар болып табылады. Сау малдар жайылымдарда сібір жарасы қоздырғыштары бар топырақтан ауру жануарлардың нәжістерімен ластанған шөпті қорек ету арқылы  жұқтырады.

Көптеген жағдайларда адамдарда сібір жарасы ауруы малды сою және етін жіліктеу кезінде зақымдалған тері арқылы қоздырғыштың енуі нәтижесінде, сондай-ақ ауру малдардан алынған еттері мен  шикізаттары арқылы жұқтыруынан туындайды.

Инкубациялық кезең 3-4 күннен 14 күнге дейін созылады. Адамдарда аурудың алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін 2-8 күннен кейін байқалады.  Ауру әртүрлі клиникалық формаларда – терілік, асқазан-ішек, өкпелік түрде өтеді.  

Адамдарда сібір жарасының терілік түрі анағұрлым жиі кездесіп, көр шиқанды (карбункул) түрінде болады. Көр шиқан  көбінесе дененің ашық жерлерінде: бетте, мойында, қолдарда пайда болады. Науқастар ауырған кезде бас ауруына, шаршау, әлсіздік, ыстығының көтерілуіне шағымданады.

Сібір жарасы ауруының өкпелік түрі өте ауыр өтеді. Күшті қалтырау, ентігу, терінің көгеруі, қанды қақырықтың бөлінуі болады.

Сібір жарасы ауруының асқазан-ішек түрі білінбей дамиды және құсу, қан аралас іш өтудің пайда болуы кеш белгілері болып табылады.

Әрбір жануарлардың иелері сібір жарасын жұқтыру қауіптілігін ескере отырып, жеке бастың алдын алу шараларын сақтауға міндетті, сондай-ақ ауылшаруашылық малдарын сібір жарасына қарсы ектірулері, сатып алынған жануарлар туралы хабарлауы қажет. Малдәрігерінің бақылауынсыз малды союға, етін жіліктеуге, ауру жануарлардың терісін, жүнін өңдеуге болмайды.

Сібір жарасын жұқтырудан Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жануарлардың ауруы, еріксіз сою немесе өлген жағдайлары туралы дереу малдәрігерлік маманға хабардар етуіңіз қажет.

Сібір жарасы – жануарлар және адамдар өмірі үшін қауіпті ауру екенін әркез жадыңыздан шығармаңыз.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT