Сколиоздың алдын алу

Сколиоз – бұл алдыңғы жазықтықта омыртқаның тұрақты қисаюы, яғни патологиялық дерт.  Өзгерістер ішкі органдарға да әсер етеді. Олар қысылып, орналасқан жерлерін өзгертеді, бұл кейіннен олардың функционалдығының бұзылуына әкеледі. Балалардағы дене сымбатының бұзылуы қарқынды өсу кезеңінде жиі қалыптасады.

Тәуекел санатына 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар жатады. Осы кезеңде омыртқа қарқынды өседі. Егер бала партада дұрыс отырмаса, спортпен шұғылданбаса, сколиоз өте тез дамиды. Дене тұлғасының дұрыстығын сақтау-баланың денсаулығы мен болашақ сымбаты үшін маңызды болып табылады. 

Сколиоздың  , яғни денеде жүре пайда болатын ақаулардың  себептері әртүрлі болады, әсіресе компьютерлерді, гаджеттерді пайдалану кезінде балалар ұзақ уақыт ыңғайсыз, бүкірейген күйде болуы мүмкін, физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі, үй тапсырмасының және партада отыруды қажет ететін қосымша әрекеттердің үлкен көлемі – мұның бәрі омыртқа бағанына жүктеменің біркелкі бөлінбеуіне ықпал етеді. Үстел мен орындықтың адам бойына сәйкес келмеуі, ұзақ уақыт бойы қоғалыссыз отыру салдарынан, оның ішінде арқаға күш түсу, мойын мен арқадағы жарақаттардың асқынуы, жамбас буындарының дисплазиясы.

Мектепте балалар көбінесе иықтарын төмен түсіріп, жамбастың жартысын көтеріп, жамбастың астына аяғын қойып отырады, қолдарын орындықтың артына қояды, денесін бұрып немесе орындықтың шетінде, үстелден алыс отырады, бұл ретте ұзақ уақыт бойы бүгілген күйде отырып қалады.

Оқушылар күннің көп бөлігін дәптерлер мен кітаптарға еңкейе қарап өткізеді, өйткені оқу процесі мектепте де, үйде де жалғасады. Сондықтан  ата-аналар қырағылық танытып, баланың арқасы қисайған күйде үй жұмысын орындамауын мұқият қадағалауы  қажет.

Егер балада қалыпты дене сымбатынан болмашы ауытқулар болса, онда оларды алғашында қарапайым жаттығулардың арқасында жоюға болады. Мұндай балаларға таңертеңгі гимнастика жасау, мектепте дене шынықтырумен мұқият айналысу ұсынылады. Сүйектердің дұрыс дамып жетілуі үшін баланың ағзасыныа Д дәрумені қажет, сондықтан жыл мезгіліне қарамастан баланың таза ауада болуын қадағалау керек. Бірқатар жағдайларда таңертеңгі гигиеналық гимнастикаға дене сымбатының ақауларын жою үшін арнайы физикалық жаттығуларды қосуға болады.Дененің дұрыс орналасуының маңызды алғышарттарының бірі – дұрыс құрастырылған жиһаз. Балаларға арналған жиhаз оның жасы мен бойын сәйкес келуі қажет. Егер бала әдеттегідей кеудесін тік ұстап отыра алмай, арқасының шаршайтынын айтып шағымданып, еңкейе берсе ,дереу ортопед дәрігеріне қаралу керек. 

 

 Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT