Стафилококк бактериялары қоршаған ортада өте көп таралған

0 votes

Стафилококкты инфекция -бұл стафилококк тұқымдасы (Staphylococcus) бактериялары тудыратын аурулар. Стафилококк бактериялары қоршаған ортада өте көп таралған, бірақ оның алтын түсті стафилакокк деп аталатын түрінің  белгілі ғана   штаммдары ауру тудыратын қасиетке ие болады. Олар  дайын  тамақты  ластаған  жағдайда энтеротоксиндер бөлініп  дер кезінде  медициналық көмек көрсетілмесе ауру асқынып кетеді. 

  Патогенді стафилоккоктың  басты  жұқтыру көзі  ауру немесе тасымалдаушы адам. Микробтар оның терісінде, мұрын жұтқыншағында, ішектерінде болады. Дайын тамаққа микробтар көбінесе қолдарында жырылған іріңді , күйген жаралары  және жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары (ангина, пневмония) бар адамдардан түсіп көбейеді. Адам кей жағдайда өзінің стафилококк микробының мұрын жұтқыншағында симптомсыз тасымалдаушысы екенін білмеуі де мүмкін. Стафилококк инфекциясының қосымша көзі ішкі ағзасының және желінің іріңді аурулары бар жануарлар (сиырлар, ешкілер және т.б.). Инфекцияның орналасуына қарай жұғу механизмі және тамақ өнімдерін ластау жолдары әртүрлі болуылары мүмкін.     Токсиндердің жиналуына қолайлы орта ол cүт және сүттен жасалған өнімдер, қаймақтан жасалған крем қосылған кондитерлік өнімдер, картофель пюресі, манна ботқасы, тартылған ет және одан жасалған өнімдер, суши т.б. Сондықтан тамақ өнімдерін арнайы белгіленген тоңазытқыш, қол жуғыштары бар орындардан басқа жерлерден мүлдем сатып алуға болмайды!     

Энтеротоксиндермен ластанған тамақ өнімдерін жеген уақыттан бастап  аурудың клиникалық көріністері (іштің бүріп құрысып ауруы, құсу, дене ыстығының көтерілуі) біліне бастағанға дейін әдетте 2 – 6 сағат өтеді. Ауыр жағдайларда адам ағзасының улану көріністері анық болады (селсоқтық, қан қысымының төмендеуі, тері бозаруы).     Белгілі жағдайларда, адам ағзасында емделуден  кейін де стафилококк инфекциясының тасымалдаушы жағдайы қалыптасады және оны адам ағзасынан толық шығару өте қиын болады.     

Стафилококк инфекциясының алдын алу өте қарапайым іс-шаралардан тұрады. 

Ол қолдарында жырылған іріңді , күйген жаралары  және жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары (ангина, пневмония) бар адамдарды ерте анықтап жұмыстан алшақтату; 

жануарлардың денсаулығын бақылау;

 тамақ өнімдерін сақтау және сату ережелерін бұзбау;

 тамақ дайындау барсында жеке бас гигиенасын сақтау.

Стафилококкты инфекция өте ауыр салдарға — пневмонияға, менингитке, остеомиелитке, эндокардитке, сепсиске әкелуі мүмкін, ал дамыған елдерде жүргізілген соңғы зерттеулер бойынша Staphylococcus aureus басқа белгілі инфекциялармен салыстырғанда көп жағдайда тіпті өлімге де әкелген. Стафилококкты инфекцияның белгілері анық байқалмайды және басқа жұқпалы ауруларға ұқсас болуы мүмкін, сондықтан адам үй жағдайында стафилококкты инфекцияны жұқтыру фактісін өз бетінше анықтап, емделе алмайды. Осы себептен ауырған кезде маманға көрініп, алтын түстес стафилококқа аналаиз тапсыру қажет, бұл емдеуді тездетуге және инфекцияның қауіпті асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді. 

 

 

Исатай аудандық СЭБ басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT