Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу туралы жадынама

Атырау облысы аумағында күннің күрт жылынуынан қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдердегі су деңгейінің көтерілуі, су тасқыны жағдайы қарқынды өзгеруіне алып келу үстінде.

Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына су тасқыны микробтық және вирустық ластану көздерінің суға түсу қаупі екенін еске салады. Өзендердің тасуы су сапасының нашарлауына әкеледі. Жедел ішек инфекцияларының және паразиттік аурулардың су жолымен таралу қаупі болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық этиологияның жедел ішек инфекциялары сияқты жұқпалы ауруларға қатысты.

Су тасқынының тағы бір проблемасы - кеміргіштер, көптеген аурулардың қоздырғыштары. Олар тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен (лептоспироз, туляремия, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, иерсиниоз, токсоплазмоз, псевдотуберкулез және т. б.) ауыру қаупіне ықпал етуі мүмкін.

Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарға кеңес береміз:

✓ Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

✓ Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

✓ Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз;

✓ Тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу және тамақ пісіру үшін пайдаланыңыз;

✓ Бөтелкедегі судың, жарамдылық мерзімі ұзартылған азық-түліктің қорын жасау, оларды су тимейтін жерде мүмкіндігінше жоғары орналастырыңыз;

✓ -Егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса өз бетімен емдемей, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

 Су тасқынынан кейінгі арнайы мамандармен жүргізілетін шаралар:

• Судың беті қайтқан бетте елді мекендегі тұрғын үйлердің аулаларын қалдықтардан дереу тазарту. Бұл қоқыстар өлексемен ластанып, аурудың көзі болып табылады;

• Үйдің аумағын жаппай дезинфекциялау;

• Су құбырларына, ауыз су көздеріне зерттехалық зерттеулерді күшейту;

• Ветеринарлық қызметкерлермен бірге өлген мал, құстың өлексесін жинап өртеу, арнайы орындарға жерлеу;

• Ауру көзінің қоздырғышы болатын кеміргіштер мен кене, бүргелерге қарсы дератизация жұмыстарын жургізу;

Есіңізде болсын, күнделікті өмірде, төтенше жағдайда қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау, сондай-ақ осы ұсынысды орындау көптеген аурулардан қорғайды.

 

 

Сагидоллаева Мөлдір Аманжанқызы

Коммуналдық обьектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521