Сынап нөлдік температурадан жоғары кезде буланатын қауіпті элемент.
Үй жағдайында термометрді сындырып алған жағдайда төгілген сынап буланып адам өміріүшін қауіпті болып табылады. Ортасына сынап құйылған термометр нәзік бұйым. Мұндай жағдай тұрмыста әркіммен де ұшырасуы мүмкін. Сондықтан, алдымен балалар мен үй жануарларды үйден шығару керек. Терезелер мен есіктерді барынша ашып бөлменің желденуін қамтамасыз етесіз. Сынапты жинастырған кезде бөлмеге басқа ешкімніңкірмеуін қадағалаңыз. Сынапты қолмен ұстауғаболмайды. Сынапты жинау үшін сізге резеңке қолғап, қақпағы жақсы жабылатын металл немесешыны банка, қағаз, кішкене жаққыш, қалақ пен медициналық алмұрт /груша/ қажет болады. Сынап төгілген жерді мұқият қарап тексеріп, жиһазбен басқа да заттардың шеттерінде сынаптамшыларының қалып қоймағандығына көзжеткізіңіз. Мүмкін болса суға немесе ас содасының ерітіндісіне малынған маска кигендұрыс.
Осыны дұрыс орындасаңыз сынаптан зиян болмайды.
Термометрді сындырып алған жағдайда бөлмеде 2-2,5 сағат болғаннан кейін адам сынап буымен уланады. Тамағы, іші ауырып, өзін әлсіз сезініп құсқысы келеді. Кейде ауызында металл дәмін сезінуі мүмкін. Сондай-ақ, сынаптың кішкене тамшысын байқамай жұтып қоюыңыз да мүмкін. Мұндай жағдайда сынап әсіресе, жүйке жүйесі, тыныс алужолдарына және бүйректерге зақымын тигізеді. Сынаптан уланған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
Уразғалиев Қадыржан Мақсотұлы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары