Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Тамақтан уланудың негізгі себебі- азық түліктің жарамдылық мерзімін жіне дайындалған тағамды сақтау шарттарын дұрыс сақтамау болып табылады.
Тағамнан уланулар дегеніміз – бұл ауру қоздырғыш микробтары жиналған немесе олардың токсиндері сіңген тағамдарды пайдалану нәтижесінде туындайтын жедел ішек аурулары. Мұның бірден бір себебі кейбір тағамдар құрамында түрлі микробтар мен токсиндер бөлетін зиянды заттар болады. Кейде тазалық талаптарын сақтамаған аспазшылардың немесе тағам өнімдерін сатушылардың да зияны тиіп жатады. Жалпы ауру қоздырғыштары сальмонеллалар, стафилококктар, ботулинум таяқшасы т.б . Бұлар адам ағзасына тағам арқылы түсіп , улану процесін тудырады. Стафилококк бактериялары қоршаған ортада өте көп таралған, бірақ оның алтын түсті стафилакокк деп аталатын белгілі ғана штаммдары ауру тудыратын қасиетке ие болады. Олар дайын тамақты ластаған жағдайда энтеротоксиндер бөліп , дер кезінде көмек көрсетілмесе ауру асқынып кетеді. Патогенді стафилококктың басты жұқтыру көзі адам немесе тасымалдаушы адам. Микробтар оның терісінде,мұрын жұтқыншағында, ішектерінде болады. Дайын тамаққа микробатар көбінесе қолдадарында жырылған іріңіді, күйген жаралары, және жоғары тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдардан түсіп көбейеді. Адам кей жағдайда өзінің стафиоакокк микробының мұрын -жұтқыншағында симптомсыз тасмалдаушысы екенін білмеуі мүмкін. Токсиндердің жиналуына қолайлы орта сүт , сүттен жасалған өнімдер , қаймақты крем қосылған кондитерлік өнім, суши т..б Сондықтан тамақ өнімдерін арнайы белгіленген , тоңазытқышы бар орындардан басқа жерлерден сатып алуға болмайды. Алдын алу үшін қолдарында жырылған іріңді, күйген жаралары, тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдарды ерте анықтап, жұмыстан алшақтату қажет.
Тамақтан уланудың алғашқы белгілері ас ішеннен кейін 2-4 сағаттан соң, кейбір жағдайларда 30 минуттанкейін, 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін. Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына және адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты болады. Тамақтан уланудың белгілері:әлсіздік пайда болады, көздің көруі әлсірейді, бас ауырады, жүрек айниды, құсады, іші ауырады, іші өтіп, кейде шаншып ауырады. Ауыр жағдайларды құрысуға әкеліп, науқас асқынған жағдайда өліп кетуі мүмкін. Сондықтан тамақтан уланып қалған жағдайда дереу дәрігерлік көмекке жүгіну керек.
Тағамнан уланудың алдын –алу шаралары:
-Азық-түлік сатып аларда оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарын, жарамдылық мерзімін сұраңыз, өнімнің қандай жағдайда сатылып жатқандығына, оларды сақтайтын тоңазытқыштың болуына көңіл бөліңіз. Арнайы белгіленбеген орындардан тамақ өнімдерін сатып алмаңыз,тез бұзылатын, үй жағдайында дайындалған .сапасы, дайындалуы белгісіз тағам түрлерін алмаңыз!
-Тазалық сақталмаған жерден тамақ ішпеңіз
-шикі және дайын тамақ түрлерінің бөлек сақталуын қадағалаңыз
-жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау керек, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізу қажет (қайнату немесе қуыру)
-Кез келген тағамның (банкі, қалбыр) сыртын оқып көріңіз , шығарылу, сақталу мерзіміне мән беріңіз
-Май және мойонез араластырған салаттарды 3 сағаттан артық сақтауға тиым салынады.
-Сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату керек.
-Жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, ас ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият, жиі жуу
- қайнатылған, бөтелденген сапалы таза ауыз суды пайдалану
-көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында үнемі ағында сумен жуып пайдалану, балаларға қайнатылған сумен жуып беру
-тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды 2-6 С температурада сақтау
-кремді-кондитерлік өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау
-үйдегі қоқыстарды және тағам қалдықтарын уақытылы шығару
Өкінішке орай соңғы кезде тұрғындардың көпшілігі әлеуметтік желі арқылы үй жағдайында дайындалған тамақ өнімдерін , торт, бәліш, фастфудтар , тез дайындалатын тағам өнімдеріне тапсырыс беруді әдетке айналдырған .Ондай тағамдады тұтыну өте қауіпті. Себебі , бұл өнімдерді кіммен, қандай жерде, қандай өнімдері пайдаланғаны белгісіз. Дайындаған адамның медициналық тексеруден өткені тағы белгісіз. Өйткені ол адам бактерия тасымалдаушы болуы әбден мүмкін. Мүмкін тамақ жасап жатырған жері лас жағдайда, сақтау мерзімі өткен тағамдар пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан абай болып , қоғамдық тамақтану орны ретінде тіркелмеген, ешқандай рұқсат құжаты жоқ жерден тағам өнімдерін алудан мейлінше бас тартқан жөн. Сондықтан да ас , тағам бұл тіршшілк ету үшін қорек көзі немесе пайда табудағы кәсіп көзі ғана емес бұл кей жағдайда адам денсаулығына зақым келтіруі мүмкін.
Сондықтан қоғамдық тамақтану орындарының кез келген қызметкері келушілерге зиян тигізбеу үшін санитариялық –эпидемиологиялық талаптарды жақсы меңгеріп ,орындау керек. Жеке кәсіпкерлік субъектілер персоналды жұмысқа қабылдар алдында міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өткен медициналық кітапшасын талап етуі керек. Өйткені қоғамдық тамақтану орындарында адам денсаулығы үшін жауапкершілікті ұмытпай, қарапайым гигиена ережелерін сақтау, қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық қағида талаптарын орындау топтық тағамнан улану жағдайларының алдын алады.
Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова