Тамақтан уланудың алдын алу үшін қандай әрекеттер жасаған дұрыс?

 

Тамақтан улану – бұл микроорганизмдермен жаппай себілген немесе микробтық немесе микробтық емес сипаттағы улы заттардың көп мөлшері бар тағамды жегеннен кейін пайда болатын ауру.

Микробтық сипаттағы тамақтан улану бұзылған немесе сапасыз өнімдерді тұтынғаннан, бұзылған ет өнімдерін, үйрек, қаз жұмыртқаларын жеп, гигиена ережелерін сақтамағаннан кейін пайда болуы мүмкін. Жазда микробтық фактор анағұрлым жаппай болады.

Микробтық емес фактор улы өнімдерді жеуге байланысты: улы балықтар және саңырауқұлақтар, улы өсімдіктер немесе құрамында улы және химиялық заттар бар өнімдер, сондай-ақ алкогольді көп мөлшерде қолдану.

Тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақтанар алдында қолды жуу керек. Көгеріп кеткен, қышқыл иісі бар күдікті өнімдерді, герметикалығы бұзылған консервіленген өнімдерді және қақпағы ісінген консервілерді пайдалануға болмайды. Көкөністер, жемістер мен жидектерді қолданар алдында жақсылап шайыңыз. Пісіру алдында жұмыртқаларды сабынды-сода ерітіндісінде өңдеп, ағынды сумен шайыңыз. Шикі етті турағаннан кейін пышақтарды, кесу тақтасын мұқият жуыңыз, санитарлық гигиенаның б

Сондай-ақ, сауда желісінен тамақ өнімдерін сатып алғанда, өнімнің дайындалған күніне және сатудың соңғы мерзіміне, сыртқы түріне, түсіне, иісіне, консистенциясына, қаптаманың тұтастығына, өнімнің қандай жағдайда сақталатынына (тез бұзылатын өнімдер белгілі бір температуралық сақтау режимдерін талап етеді) назар аударыңыз. Сақтау шарттары сақталмаған стихиялық сауда орындарында азық-түлік сатып алуға болмайды.

Егер адам тамақтан уланған болса, уланудың алғашқы және жиі кездесетін көріністері әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, суық тер, терінің бозаруы, дене температурасының жоғарылауы болған жағдайда дәрігерге қоңырау шалу керек. Жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге тырысу керек, яғни ағзадан у қоздырғыштары мен қалған өнімдерді жедел шығару. 3-4 стакан жылы қайнаған су ішіп, құсу рефлексін қоздырып, асқазан тазарғанша бірнеше рет қайталаңыз.

 

 

А. Искакова

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT