Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру. Ең қауіптісі – тағамдық токсикоинфекция және табиғаты микробты улану.
Сапасыз азық-түлікті тамаққа қолдану кезінде, олар дұрыс дайындалмай және дұрыс сақталмаса тағамнан улану – тағамдық токсикоинфекция туындауы мүмкін.
Сапасыз өнімдер бұл – түрлі микроорганизмдермен және токсиндермен жұқтырылған азық-түліктер. Ең қауіптісі – жануарлардан алынатын өнімдер (ет, балық, шұжық, консервілер, сүт және одан жасалатын бұйымдар – кремі бар кондитерлік өнімдер, балмұздақ). Әсіресе, уақталған ет – паштеттер, фарш, іркілдек оңай жұқтырылады.
Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң, мүмкін (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін), 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін. Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына және адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты.
Тамақтан улануды болдырмау үшін тағамдарды сақтау және дайындаудың бірнеше қарапайым қағидаларын орындау керек:
- қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау;
- тамақты дұрыс дайындау;
- тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;
-жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында мұқият термиялық өндеуден өткізу қажет (қайнату немесе қуыру);
-шикі және піскен азық-түлік өнімдер арасындағы байланысқа жол бермеу;
- жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау: ас ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият, жиі жуу;
- қайнатылған, бөтелденген немесе сапалы, таза ауыз суды пайдалану;
- көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында үнемі ағымды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;
- тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта 2-6 С температурада сақтау;
- кремді-кондитерлік өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;
- үйдегі қоқыстарды және тағам қалдықтарын уақытылы шығару және шыбын, жәндіктерді болдырмау;
- үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.
Жоғарыда айтылған қағидаларды сақтасаңыз, Сіз өзіңізді және туыстарыңызды аурудан сақтайсыз. Ешқашан ауырмаңыз!
Исатай аудандық СЭББ басшысының у.м.а Г.Б.Бисенбай