Теңіз кен орнының инфекциялық стационарында коронавируспен емделіп жатқан науқас жоқ

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Атап айтқанда, Атырау қаласында 2, Теңіз кен орнында – 1, Құрманғазы ауданында 2 адамнан анықталған.

Екі науқаста ауру тиісті белгілермен, ал үш адамда ауру белгілерсіз өтуде. Соңғы тәулікте коронавирустық инфекциядан 5 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта облыс бойынша үйде 80, модульдік ауруханада – 57 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда – 13. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған бірде бір пациент жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы – «жасыл» аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT