Техникалық регламент талаптары қандай?

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен Атырау облысы аумағындағы көтерме және бөлшек сауда нысандарынан бақылау және сатып алу үшін сынамалар ай сайын іріктеліп сатып алынып отырады. Xaлықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Қазіргі күні техникалық регламент талаптарын сақтау  саласының өнімдеріне деген сұраныс та жоғары және бұл азық-түлік тауарларын тұтынудан кейінгі екінші орында тұрған өнім болып отыр.

Техникалық регламенттерді әзірлеу,сараптау ,қабылдау,өзгерту және өндірушілерге,тұтынушыларға ,тұтастай алғанда ел экономикасына техникалық регламентті енгізуден оң және теріс әсер етуі, ықтимал техникалық кедергілерді болжау туралы ақпарат.

Тұжырымдамада:

  • Техникалық регламенттің атауы,талаптарды белілейтін заңдар,қаулылар,санитарлық нормалар мен қағидалары.
  • Еуразиялық эконоимкалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтардың ішінде тауар позициясын көрсете отырып, техникалық регламенттің қолдану саласы және объектілері.Ақпарат өнімнің сәйкестігін растауға материалдық-техникалық мүмкіндігі бар сынақ зертханалары бар, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың санығолардың географиялық орналасқан жері мен өндірістік қуаттары туралы мәліметтерді қамтиды. Техникалық регламентте  белгіленген талаптар қолданылатын өнімнің және процестердің толық тізбесі, және аулақ болу керек факторлар,сондай-ақ техникалық регламентті  қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері белгіленетін қолдану саласы анықталды.

 

Өнімнің техникалық регламентте  белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы  ережелер мен бұл туралы ақпаратты тұтынушыға жеткізу тәсілдері белгіленетін ( ілеспе құжаттамада  техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы  нұсқау,сәйкестік  сертификатының немесе сәйкестік декларациясы немесе мемлекеттік  тіркеу туралы куәліктің,техникалық немесе тиісті алдын ала ескертулерді құрастыру схемалары қоса алғанда ,өнімді  дұрыс пайдалану немесе пайдалану жөніндегі нұсқаулардың болуы) Қазақстан Республикасының нарығындағы  өнімнің айналым шарттары айқындалады.

Өнімнің қауіпсіздігіне  және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптар белгіленеді,олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Талаптар тек өнімге немесе өнімге және адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей  зиян келтіру  мүмкіндігімен  бай ланысты оның өмірлік циклінің процестеріне белгіленеді. Ең аз қажетті талаптар осы өнімге және процеске  тән әлеуетті қауіпті фактордың (тәуекелдің) әрбір  түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті   түпкілікті  нәтижесін  нақты сипаттау жолымен белгіленеді.қауіпсіздік мақсатында қол жеткізу әдістері , осы мақсат көрсетілген әдісті қолдану арқылы  ғана қол жеткізілген жағдайларда қоспағанда  регламенттелмейді.

  Өнімнің  техникалық сипаттамаларының  сандық м мәндері,егер олардың тұрақты шамасы «артық емес», «кем емес», «құрамға жол берілмейді» болған жағдайда белгіленуі мүмкін.

 Қауіпсіздік көрсеткіштері техникалық регламентке қосымша түрінде ресімделеді.Техникалық регламентті әзірлеу тәртіппен жүзеге асырылады.

Техникалық регламенттерде өнімнің сәйкестігін растау  схемалары болмаған жағдайда ,олар ұлттық стандарттарда  айқындалады.

ҚР  техникалық реттеу туралы  Заңына сәйкес  техникалық реттеу-санитарлық және фитосанитарлық шараларды  қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын  міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге , қолдануға және орындауға байланысты  қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу .Елімізде міндетті  талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келді.Техникалық регламент-нормативті-құқықтық акт болып саналады.

       Импорттық өнімдер үшін, өнім жасалатын елдің атауы, өндірушінің атауы және оның заңды мекен-жайы латын әліпбиінің әріптерімен рұқсат етілген. Тауарға бекітілген заттаңбада өндіруші және/немесе сатушы атауы, дайындалған күні, шикізаттың құрамы, сатушының мекенжайы (орналасқан жері),өнімнің өлшемі, өндірушінің мекен-жайы (орналасқан жері), Кеден аумағында тауар айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС) және т. б. ақпарат болуы тиіс. Өнімді сатып алу кезінде таңбаларға, нұсқаулықтарға, басқа да белгілерге назар аудару керек.

        Сатушы тұтынушының талап етуі бойынша оған тауардың сапасын растайтын құжаттарды беруге міндетті.

                Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс  аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға,  ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.

 

Искакова Айгүл Сабырқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT