Техникалық регламент талаптары туралы

сурет ғаламтордан

 

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылғы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» бойынша жүзеге супермаркеттер мен дүкендерден өнімдерді сатып алу кезінде жеке және заңды субъектілерді алдын ала хабардар етілмей, жұмыс атқарылады. 

Тауарлардың сапасы және тауар сапасын анықтау:

-талдау және өлшеу құралдарына  байланысты сапа көрсеткіштерін органолептикалық,аспап, құрал-жабдықтар көмегімен (лабораториялық)  сонымен қатар эксперттік ,өлшеу,тіркеу,есептеу,әлеументтік тәсілдірімен анықтайды.

-Органолептикалық әдіс-өнімдердің сапа көрсеткіштерін  сезім мүшелерімен көру негізінде анықтау әдісі.Органолептикалық әдістің артықшылығы сапа көрсеткіштерінің жеткілікті және тез анықтаулы,сонымен қатар қымбат құрал-жабдықтардың  етпеуі ,ал кемшілігіне  дәлділігінің   төмендегі жатады. Лабораториялық әдістің артықшылығы нәтижелердің дәлділігі болып табылады.
-Физикалық әдіс көмегімен  тығыздық,меншікті салмақ,қайнау,қату,балқу температуралары,тұтқырлық анықталады.
-Химиялық әдістер тамақ өнімдеріндегі әртүрлі заттарды,олардың қасиетін,өнімнің химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік  береді. Биохимиялық әдістер жемістер мен жидектердің тыныс алу  интинсивтілігіне қоланылады.
-Физиологиялық  әдістер өнімнің сапа көрсеткіштерін эксперттермен шешім қабылдау кезінде анықтау әдісі.Тиісті  сападағы өнім-оның  сапасы барлық қажетті параметрлерге сәйкес  келеді және  кемшіліктері  жоқ,

Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша   қойылатын  талаптар: 
•    Өнімдерінің атауы; 
•    Өнімге қатысты құрамы,  өнімнің мөлшері,  өнімнің жасалған күні,  өнімнің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер; 
•    Дайындаушының сауда белгісі; 
•    Өнімді дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден Одағы Техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері; 
•    Тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, өнімнің биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер; 
•    Өнімнің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
•    Тауар массасының шамасы, көлемі, саны; 
•    Өнімдерде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі); 
•    Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс;
•    Өнім таңбалау мемлекеттік және орыс тілінде  болуы қажет.
•    Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары мен сертификаттары болуы тиіс.
•    Өнімді тасымалдау және  сақтау шарттары сақталуы тиіс. 

2025 жылғы 1-ші жартыжылдығы  бойынша 139 жеңіл өнеркәсібі өнімдері сатып алынған болатын.Алынған өнімдер Кеден Одағының 017/2011 «Жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті  талаптарына сәйкестігі тексерілді. Зертханаға зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін 139 өнім сынамасының ,  79 өнімнен таңбалануы бойынша  сәйкессіздіктер анықталып отыр.

Анықталған сәйкессіздіктер бойынша қала және аудан аумағында орналасқан жеңіл өнеркәсіп иелеріне мкеден Одағының 017/2011 «Жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына сай,сәйкестікті жою жөніндегі нұсқамалар беріледі.

Енді осы 17/2011 КО ТР туралы айтатын болсақ,бұл құжаттың да басқа регламенттер сияқты жалпы сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуі тиіс.Сертификат Кедкен одағының  сынау зертханалары мен сертификаттауы бойынша Біріңғай тізілімге кіретін ,сәйкестікті растау органымен беріледі.Жоғарыда айтылған негіздерден,Кеден одағының техникалық регламенті-бұл біздің және сіздің қауіпсіздігімізді  қамтамасыз ету үшін  арналған,күнделікті тұрмыста тұтынатын өнімдер үшін  қауіпсіздік талаптарын  анықтайтын құжат.Сол себепті біз халық үшін ақпарат  беруді жөн деп таптық.кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімнің қауіпсіздігі туралы»  техникалық регламенті туралы толығырақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕЭО) сайтынан аласыздар.
Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс  аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға,  ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.

 

Г.У.ДЖУБАНЫШЕВА,

Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің бас  маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT