Теңіз кен орнында вирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Бір тәулік ішінде кен орнында қауіпті инфекция жұқтырудың 185 жаңа жағдайы расталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 550 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 241 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 185 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 27, Индер ауданында - 26, Исатай ауданында - 17, Қызылқоға ауданында - 27, Құрманғазы ауданында - 2, Мақат ауданында-15, Махамбет ауданында - 10 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 340 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 210 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 489 адам емделді.

Қазір ем алуда:

- үй жағдайында 8 143 адам,

- модульдік ауруханада - 192,

- екінші облыстық ауруханада-189 науқас,

- фтизиопульманологиялық орталықта-97,

- кардиоорталықта - 101,

- т / ж ауруханасында-106 науқас,

- аудандық инфекциялық стационарларда-387,

- облыстық ауруханада-176 науқас,

- жатақханаларда - 129,

- Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-412 адам.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521