Теңіз кен орнында науқастар саны күрт көбейді

Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кенішінің стационарында науқастар санының артуына байланысты қосымша мамандар жіберуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Бүгінгі күні мұнда 111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2 пайызды құрап отыр.

Соған сәйкес, Денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады. Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер және 4 санитар бар.

Айта кетейік, қараша айынан бастап Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді. Оның 71-і соңғы 4 тәулікте тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта Атырау облысы коронавирус індетінің таралуы бойынша сары аймаққа өтті.

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521